Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 98 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 сәуірде № 36060 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 30 сәуірдегі
№ 98 бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 661 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5106 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесінде:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) арасындағы халықаралық ынтымақтастықты іске асыру тәртібін белгілейді.".

      2. "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 64) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 64) тармақшасына сәйкес әзірленді және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің тәртібін айқындайды.".

      3. "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 76) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 76) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына және ұйымдық-құқықтық нысаны бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік (орта білімнен кейінгі), арнайы, мамандандырылған, қосымша білім беру ұйымдарының қолдануы үшін міндетті.".

      4. "Мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша сырттай және кешкі оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6111 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша сырттай, кешкі оқу, онлайн-оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 45) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша сырттай, кешкі оқу, онлайн-оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесі бекітілсін.";

      Мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша сырттай, кешкі оқу, онлайн-оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесі осы тізбенің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      5. "Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2-қосымша алынып тасталсын.

      6. "Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7409 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 65) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      7. "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7574 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 93) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдық және жиһазбен жабдықтау нормаларында:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын жабдық және жиһазбен жабдықтау нормалары";

      1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әкімшілік орын-жайларына арналған жиһаз және жабдықтардың шағын тізбесі";

      2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқу залы бар кітапханаларының жиһазы мен жабдықтарының шағын тізбесі";

      3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының акт залының жиһазы мен жабдықтарының шағын тізбесі";

      4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының дене тәрбиесі оқытушыларының кабинетіне арналған жабдықтар мен жиһаздың шағын тізбесі";

      5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының спорт бұйымдары мен жабдықтарын сақтауға арналған орынжайлардың жабдықтары мен жиһазының шағын тізбесі";

      6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының спорт залына арналған жабдықтардың шағын тізбесі";

      7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында спорт алаңы жабдықтарының шағын тізбесі";

      8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының биология кабинетіне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының география кабинетіне арналған жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының география кабинетінің зертханашы бөлмесіне арналған жиһаздардың шағын тізбесі";

      11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының шет тілі кабинетіне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      12-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының информатика кабинетіне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      13-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тарих кабинетіне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      14-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының қазақ тілі және әдебиеті кабинетіне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының және керек-жарақтардың шағын тізбесі";

      15-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының лингафон кабинетіне арналған жабдық және жиһаздың шағын тізімі";

      16-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "16. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының математика кабинетіне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      17-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "17. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының мультимедиалық лингафон кабинетіне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының тізбесі";

      18-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "18. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ұйымдарының алғашқы әскери дайындық кабинетіне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      19-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "19. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының қару және әскери-техникалық мүлік сақтауға арналған бөлмесі жабдықтарының шағын тізбесі";

      20-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "20. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының алғашқы әскери даярлық қалашығына арналған жабдықтардың шағын тізбесі";

      21-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "21. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының атыс тиріне арналған жабдықтардың ұсынылатын шағын тізбесі";

      22-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "22. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өзін-өзі тану кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      23-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "23. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының орыс тілі және әдебиеті кабинетіне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының және керек-жарақтардың шағын тізімі";

      24-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "24. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының физика кабинетіне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      25-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "25. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ұйымдарының химия кабинетіне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      26-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "26. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жалпыгуманитарлық пәндер кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      27-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "27. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әлеуметтік-экономикалық пәндер кабинетіне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      28-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "28. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының курстық және дипломдық жобалау кабинетіне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      29-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "29. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Білім беру" бейіні бойынша жалпыкәсіптік пәндер кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      30-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "30. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Білім беру" бейіні бойынша арнайы пәндер кабинеттері мен зертханаларына арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      31-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "31. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Құқық" бейіні бойынша жалпыкәсіптік және арнайы пәндер кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      32-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "32. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Құқық" бейіні бойынша практикалық сабақтарға арналған зертханалары мен кабинеттерінің жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      33-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "33. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Өнер және мәдениет" бейіні бойынша жалпыкәсіптік пәндердің кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      34-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "34. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Өнер және мәдениет" бейіні бойынша арнайы пәндер кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      35-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "35. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Өнер және мәдениет" бейіні бойынша зертханалар мен шеберханаларындағы жабдық, жиһаз, керек-жарақтар мен оқу құралдарының шағын тізбесі";

      36-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "36. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Сервис, экономика және басқару" бейіні бойынша жалпыкәсіптік және арнайы пәндер кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      37-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "37. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Сервис, экономика және басқару" бейіні бойынша зертханаларына арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      38-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "38. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Сервис, экономика және басқару" бейіні бойынша оқу-өндірістік шеберханаларына арналған жабдық және жиһаздың шағын тізбесі";

      39-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "39. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Метрология, стандарттау және сертификаттау" бейіні бойынша жалпыкәсіптік және арнайы пәндер кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      40-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "40. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Метрология, стандарттау және сертификаттау" бейіні бойынша зертханаларына арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      41-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "41. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Метрология, стандарттау және сертификаттау" бейіні бойынша оқу-өндірістік шеберханаларына арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      42-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "42. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Геология, тау-кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру" бейіні бойынша жалпыкәсіптік пәндер кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      43-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "43. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Геология, тау-кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру" бейіні бойынша арнайы пәндер кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      44-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "44. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Геология, тау-кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру" бейіні бойынша зертханаларына арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      45-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "45. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Геология, тау-кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру" бейіні бойынша оқу-өндірістік шеберханаларына арналған жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      46-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "46. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Геология, тау-кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру" бейіні бойынша оқу (өндірістік) полигондарына арналған жабдықтың шағын тізбесі";

      47-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "47. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Геология, тау-кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру" бейіні бойынша геологиялық мұражайына арналған жабдық, жиһаз, оқу құралдардың шағын тізбесі";

      48-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "48. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Мұнай-газ және химия өндірісі" бейіні бойынша жалпыкәсіптік пәндердің кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      49-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "49. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Мұнай-газ және химия өндірісі" бейіні бойынша арнайы пәндер кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      50-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "50. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Мұнай-газ және химия өндірісі" бейіні бойынша зертханаларына арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      51-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "51. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Мұнай-газ және химия өндірісі" бейіні бойынша оқу-өндірістік шеберханаларына арналған жабдық, жиһаз, оқу құралдардың шағын тізбесі";

      52-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "52. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Мұнай-газ және химия өндірісі" бейіні бойынша оқу (өндірістік) полигондарына арналған жабдықтың шағын тізбесі";

      53-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "53. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Энергетика. Электр энергетикасы" бейіні бойынша жалпыкәсіптік пәндер кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      54-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "54. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Энергетика. Электроэнергетика" бейіні бойынша арнайы пәндер кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      55-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "55. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Энергетика. Электроэнергетика" бейіні бойынша зертханаларына арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      56-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "56. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Энергетика. Электроэнергетика" бейіні бойынша оқу-өндірістік шеберханаларына арналған жиһаз, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      57-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "57. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Металлургия және машина жасау" бейіні бойынша жалпыкәсіптік пәндер кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      58-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "58. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Металлургия және машина жасау" бейіні бойынша арнайы пәндер кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      59-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "59. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Металлургия және машина жасау" бейіні бойынша зертханаларына арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      60-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "60. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Металлургия және машина жасау" бейіні бойынша оқу-өндірістік шеберханаларына арналған жиһаз, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      61-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "61. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Көлік (салалар бойынша)" бейіні бойынша жалпы кәсіптік пәндер кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      62-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "62. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Көлік (салалар бойынша)" бейіні бойынша арнайы пәндер кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      63-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "63. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Көлік (салалар бойынша)" бейіні бойынша зертханаларына арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      64-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "64. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Көлік (салалар бойынша)" бейіні бойынша оқу-өндірістік шеберханаларына арналған жиһаз, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      65-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "65. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Көлік (салалар бойынша)" бейіні бойынша оқу (өндірістік) полигондарына арналған жабдықтың шағын тізбесі";

      66-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "66. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша) Көлікті пайдалану" бейіні бойынша жалпыкәсіптік пәндердің кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      67-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "67. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша) Көлікті пайдалану" бейіні бойынша арнайы пәндер кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      68-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "68. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша) Көлікті пайдалану" бейіні бойынша зертханаларына арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      69-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "69. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша) Көлікті пайдалану" бейіні бойынша оқу-өндірістік шеберханаларына арналған жабдық, жиһаз, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      70-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "70. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар" бейіні бойынша жалпыкәсіптік пәндер кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      71-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "71. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар" бейіні бойынша арнайы пәндер кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      72-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "72. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар" бейіні бойынша зертханаларына арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      73-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "73. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру "Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар" бейіні бойынша оқу-өндірістік шеберханаларына арналған жабдық, жиһаз, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      74-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "74. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Құрылыс және коммуналдық шаруашылық" бейіні бойынша жалпыкәсіптік пәндердің кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      75-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "75. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Құрылыс және коммуналдық шаруашылық" бейіні бойынша арнайы пәндер кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      76-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "76. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Құрылыс және коммуналдық шаруашылық" бейіні бойынша зертханаларына арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      77-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "77. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру "Құрылыс және коммуналдық шаруашылық" бейіні бойынша оқу-өндірістік шеберханаларына арналған жабдық, жиһаз, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      78-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "78. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология" бейіні бойынша жалпыкәсіптік пәндердің кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      79-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "79. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология" бейіні бойынша арнайы пәндер кабинеттеріне арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      80-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "80. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология" бейіні бойынша зертханаларына арналған жабдық, жиһаз, техникалық оқыту, оқу құралдарының шағын тізбесі";

      81-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "81. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру "Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология" бейіні бойынша оқу-өндірістік шеберханаларына арналған жабдық, жиһаз, оқу құралдарының шағын тізбесі".

      8. "Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7547 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      9. "Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7876 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 67) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 67) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару тәртібін айқындайды.".

      10. "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 39) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:".

      11. "Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 459 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9940 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.".

      12. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10475 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 47) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 47) тармақшасына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру тәртібін айқындайды.".

      13. "Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 12 желтосандағы № 519 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10079 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын олармен қамтамасыз ету жөнiндегi қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 87) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөнiндегi қағидалар бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi қағидаларда:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөнiндегi қағидалар";

      1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөнiндегi қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 87) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Осы Қағидалар бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.";

      2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету тәртібі";

      10 және 11-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Банкнот фабрикасынан бланкілерді алу, оларды есепке алу, сақтау білім беруді басқару органымен, республикалық білім беру ұйымдарымен жүзеге асырылады.

      11. Білім беруді басқару органы, республикалық білім беру ұйымдары Банкноттық фабрикадан бланкілерді алу, есепке алу, сақтау, білім беру ұйымдарына беруді жүзеге асыру үшін материалдық жауапты тұлға (бұдан әрі - материалдық жауапты тұлға) ретінде қызметкерді анықтайды.";

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Білім беру ұйымдарында бланкілерді қабылдауды, сақтауды, беру мен есептен шығаруды ұйымдастыру мақсатында құрамы бес адамнан тұратын, білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілетін тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады.";

      3-тарау алынып тасталсын;

      осы Қағиданың 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалары алынып тасталсын.

      14. "Алтын белгі" белгісі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 532 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10115 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 56) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Алтын белгі" белгісі туралы Ережеде:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ереже "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 56) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.".

      15. "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10178 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 59) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 59) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу тәртібін айқындайды.".

      16. "Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10279 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      17. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 47) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 47) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдаудың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.".

      18. "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, мемлекеттік үлгідегі орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 55) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      19. "Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13067 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 57) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережеде:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 57) тармақшасына сәйкес әзірленді.".

      20. "Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13085 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      аталған бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарда:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 20) тармақшасына сәйкес білім алушыларды сапалы мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.".

      21. "Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13422 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 54) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 116-бабының 2) және 3) тармақшаларына, 119-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 54) тармақшасына сәйкес әзірленді және дуальды оқытудың ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      Осы Қағида меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарына, дуальды оқытуға қатысатын оқу орталықтарына, кәсіпорындарға (ұйымдарға) таратылады.";

      22. "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13137 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды айқындайтын "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 22) тармақшасына сәйкес әзірленген.".

      23. "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 93) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      24. "Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13420 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 81) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейін қолдауды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларында:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейін қолдауды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 81) тармақшасына сәйкес әзірленді және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау тәртібін айқындайды.";

      29-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "29. Біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасына сәйкес қорытынды бағалаудан табысты өткен тыңдаушыларға Ұйым осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тақырыпты және сағат көлемін көрсете отырып, біліктілікті арттыру курстарының тақырыбы бойынша сертификат, сондай-ақ осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес сертификатқа қосымша береді.

      Сертификат арнайы қорғау дәрежесін талап етеді және "Арнаулы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімін берушіні айқындау, сондай-ақ одан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 815 қаулысына сәйкес сатып алынады.".

      25. "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13288 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 26) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен, оның ішінде электрондық нысанда қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.".

      26. "Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 89) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартында:

      3-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органмен әзірленген Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес білім алушының білім, білік, дағдыларын игеруін қамтамасыз етуге;".

      27. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердегі қажеттілігін болжау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13307 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 60) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бұйрықпен бекітілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге қажеттілігін болжау әдістемесінде:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердегі қажеттілігін болжау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 60) тармақшасына сәйкес әзірленді.".

      28. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13395 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 53) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 53) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 118-бабына сәйкес әзірленген және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) белгілеу тәртібін айқындайды.";

      31-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "31. Диплом алдындағы практиканың ұзақтығы Заңның 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес мамандықтың күрделілігіне байланысты айқындалады.".

      29. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 39) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 39) тармақшасына және 14-бабының 1-тармағына, "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының (бұдан әрі – Стандарт) талаптарына сәйкес әзірленді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 39) тармақшасына және 14-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Көру қабілеті бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 39) тармақшасына және 14-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Есту қабілеті бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 39) тармақшасына және 14-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Зерде бұзылысы бар балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 39) тармақшасына, 14-бабының 1-тармағына және 19-бабына сәйкес әзірленді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 39) тармақшасына және 14-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дамуында күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Дамуында күрделі бұзылыстары бар балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 39) тармақшасына және 14-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.".

      30. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16137 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 75) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 75) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеуде бірыңғай тәсілдемені айқындайды және білім беру ұйымының жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі мен мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін жоспарлау үшін қолданылады.".

      31. "Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17540 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 59) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 59) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу тәртібін айқындайды.".

      32. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17564 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және оның аумақтық органдары:

      1) лицензиаттың өтініші негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары бойынша бұрын берілген білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияларға қосымшаларды осы бұйрыққа сәйкес қайта ресімдеуді қамтамасыз етсін;

      2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары бойынша білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияларға қосымшаларды қайта ресімдеу кезінде осы бұйрықты және білім беру саласындағы уәкілетті органның әдістемелік нұсқаулықтарын басшылыққа алсын.".

      33. "Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17449 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 94) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      34. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17705 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 63) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 63) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ТжКОББ) оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.".

      35. "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 599 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17766 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 91) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидаларында:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидалары";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 91) тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Заңды күшіне енген сот шешімі негізінде конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастырады.";

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) осы Қағидалардың 4-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында қарастырылған жағдайларда мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды беруші (әлеуетті берушінің) тарапынан бұзушылық фактілерін білген күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өнім берушіні жосықсыз өнім беруші деп тану туралы сотқа жүгінеді.";

      Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидаларына қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.".

      36. "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 65 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20050 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 3-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 3-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес әзірленді және оларға бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының (бұдан әрі – объектілер) мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібін айқындайды.".

      37. "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20317 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мектепке дейінгі ұйымдардың және жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарының, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 88) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      38. "Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20567 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 81) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 81) тармақшасына сәйкес әзірленді және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірлеу, келісу және бекіту тәртібін айқындайды.".

      39. "Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесінде:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесі".

      40. "Бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 567 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22029 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 37) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру саласындағы "Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде орта білім беру объектілерін салуды және/немесе реконструкциялауды қаржыландыруды қоспағанда, орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру үшін қолданылады.".

      41. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын, үлгілік оқу бағдарламаларын сараптау және сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № 221 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22776 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына, үлгілік оқу бағдарламаларына сараптама жасау және оларды сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына, үлгілік оқу бағдарламаларына сараптама жасау және оларды сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын, үлгілік оқу бағдарламаларын сараптау және сынақтан өткізу жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына, үлгілік оқу бағдарламаларына сараптама жасау және оларды сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидалары";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына, үлгілік оқу бағдарламаларына сараптама жасау және оларды сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын, үлгілік оқу бағдарламаларын сараптау және сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "2-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларына сараптама жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі".

      42. "Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22857 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 82) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесінде тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі";

      бірінші бөлім жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған нәрселер мен заттар*:";

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарында пайдалану үшін шектелген заттар мен заттардың тізбесі*:

      1) оқу сабақтары кезінде (әскери, арнаулы оқу орындарын және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын қоспағанда) ақпаратты тасымалдау функциялары бар мобильді байланыс құрылғылары (пейджер, планшеттер, смартфондар***, iPad (Айпад), iPod (Айпод), плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер));

      2) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген № 026/у нысанындағы дәрігерлік - -консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде медициналық көрсеткіштер бойынша тағайындалған препараттарды қоспағанда, дәрілік препараттар (әскери, арнаулы оқу орындарының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының аумағында пайдалану жағдайларын қоспағанда).";

      ескертуде:

      бірінші жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "* мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері үшін;".

      43. "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 559 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25128 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбына орыс тілде өзгеріс енгізіледі, мәтін қазақ тілінде өзгермейді;

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 78) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беретін мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларында:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидалары";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 78) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын (бұдан әрі – бірінші басшылар) ротациялауды жүргізу тәртібін айқындайды.".

      44. "Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27415 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 67) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      45. "Халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 185 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27968 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 60) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      46. "Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 шiлдедегi № 326 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28848 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      47. "Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28915 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      48. "Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 шiлдедегi № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29030 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      49. "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 49) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 49) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібін айқындайды.".

      50. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30721 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 84) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі".

      51. "Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31053 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 62) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарында:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) білім беру ұйымдарының білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру кезінде оларды пайдалану мақсатында "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 62) тармақшасына сәйкес әзірленді.".

      52. "Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 491 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31060 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 67) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 67) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау тәртібін айқындайды.".

      53. "Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 497 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31134 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 51) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Қоса беріліп отырған техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларында:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушыларға арналған өтемақыны төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидалары";

      1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 51) тармақшасына сәйкес әзiрленген және техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды.";

      2-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) жол жүру өтемақысы - мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы негiзiнде білім алушыларға қалааралық темiржол және автомобиль көлiгiнде қысқы және жазғы каникулдар кезеңiнде жол жүру құнының бөлiгiн өтеу үшін берілетін ақшалай төлем;";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Білiм алушыларға жол жүру өтемақыларын төлеудi өтемақы төлеу жөнiндегi ұйымдар жыл сайын каникул кезеңі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде бiлiм алушылардың карт-шотына аудару жолымен жүргiзедi.

      Жол жүру ақысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқу процесінің кестесіне сәйкес қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде жол жүруді растайтын құжаттар (жол жүру билеті мен отырғызу талонының, автобуспен жол жүрген кезде тек жол жүру билетінің) болған жағдайда төленеді.

      Басқа қаладан келген студенттер мен бітірушілерге жол жүру өтемақысы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды ұсынбай, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын "Ұлттық білім беру дерекқоры" ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған деректер негізінде төленеді.".

      54. "Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 532 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31505 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 73) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 73) тармақшасына сәйкес әзірленді және мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс).".

      55. "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31666 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 40) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      56. "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31902 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану талаптары мен қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 83) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптар;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарында:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптар";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларында:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидалары";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 83) тармақшасына сәйкес әзірленді және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану тәртібін белгілейді.";

      2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-бөлім. Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану тәртібі";

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Аккредиттеу органы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органы Заңның 5-бабының 83) тармақшасына сәйкес бекітілген аккредиттеу органына қойылатын талаптарға оның сәйкестігін растау үшін уәкілетті органға тану үшін қағаз және (немесе) электронды түрде мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) құрылтай құжаттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелері. Құжаттар шетел тілдерінде ұсынылған кезде олардың қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы талап етіледі;

      3) аккредиттеу органының ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгендігін растайтын құжат;

      4) Заңның 5-бабының 83) тармақшасына сәйкес бекітілген аккредиттеу органына қойылатын талаптардың 3-тармағында көрсетілген материалдық ресурстардың бар екенін растайтын құжаттар;

      5) магистр (біреуден артық емес), PhD докторы немесе ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі, институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу саласында немесе аккредиттелетін білім беру ұйымының мамандарды даярлау бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі туралы ақпарат қамтылған аккредиттеу рәсіміне тартылатын сарапшылардың тізімі;

      6) аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін аккредиттеу органының аккредиттеу стандарттары (регламенттері);

      7) аккредиттеу органының даму бағдарламасы және (немесе) стратегиясы.";

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Заңның 5-бабының 83) тармақшасына сәйкес бекітілген Аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптардың 1-7-тармақтарының сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша Кеңес:

      1) аккредиттеу органын тану туралы;

      2) аккредиттеу органын танудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      1-7-тармақтарда көзделген негіздер болған жағдайда уәкілетті орган аккредиттеу органын тану туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ аккредиттеу органды алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдаудың өткізілетін уақыты, орны мен тәсілі туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама аккредиттеу органының тану мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган аккредиттеу органын тану туралы не аккредиттеу органын танудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.";

      11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Заңның 5-бабының 83) тармақшасына сәйкес бекітілген Аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптардың 1-7 тармақтарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда оларды еркін нысанда жою жөнінде ұсынымдар беріледі.

      Аккредиттеу органының ұсынымдарды орындау мерзімі оны алған күннен бастап екі айдан аспайды. Осы кезеңде аккредиттеу органын тану мерзімдерін ұзарту үшін өтінішті қарау мерзімі тоқтатыла тұрады.

      Ұсынымдарда көрсетілген талаптарға сәйкессіздік толық жойылған кезде Кеңес аккредиттеу органын тану мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды.

      Ұсынымдарда көрсетілген талаптарға сәйкессіздік толық жойылмаған, ақпарат осы Қағидалардың көрсетілген мерзімнен кеш берілген жағдайларда Кеңес тану мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.";

      13-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) Заңның 5-бабының 83) тармақшасына сәйкес бекітілген аккредиттеу органына қойылатын Талаптардың 6, 7-тармақтарының және Кеңес шешімдерінің орындалмаған;";

      5-қосымшада:

      4) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) Аккредиттеу органының Заңның 5-бабының 83) тармақшасына сәйкес бекітілген Аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды орындауын талдау үшін мәліметтер.".

      57. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32140 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 71) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларында:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 71) тармақшасына сәйкес әзірленген және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ТжКОБ) оқытудың кредиттік технологиясы (бұдан әрі – ОКТ) бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.".

      58. "Мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 шілдедегі № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33029 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 81) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының құнын айқындау әдістемесінде:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 81) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары қызметінің құнын айқындаудың бірыңғай тәсілін белгілейді.".

      59. "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағында танылатын орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 57) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың 1-тармағы жаңа редацияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында танылатын орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларында:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағында танылатын орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидалары";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында танылатын орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 57) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңы) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдік білім беру ұйымдарында, оның ішінде олардың филиалдарында, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханаларда білім алған жеке адамдардың орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттарын тану қағидаларының тәртібін айқындайды.".

      60. "Білім беру қызметінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 тамыздағы № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33330 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 88) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      61. "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 271 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33355 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 204-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидалары "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 204-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.".

      62. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34309 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 95) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің салалық көтермелеу жүйесінде:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі (бұдан әрі – Көтермелеу жүйесі) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 95) тармақшасына сәйкес қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, шығармашылық белсенділігі, еңбек қызметіндегі елеулі жетістіктері үшін педагогтер мен білім беру саласының қызметкерлерін (меншік нысанына қарамастан), сондай-ақ білім беру саласын дамытуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосқан тұлғалардың еңбегін көтермелеу және ынталандыру мақсатында әзірленді.".

      63. "Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34996 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 70) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгілік қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 70) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында ішкі тәртіпті ұйымдастыру мен іске асырудың үлгілік тәртібін айқындайды.".

  Өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізіміне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2010 жылғы 8 ақпандағы
№ 40 бұйрығымен
бекітілген

Мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша сырттай, кешкі оқу, онлайн-оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесі

Мамандық атауы

Біліктілік атауы

Білім деңгейінің, мамандық және біліктілік коды

Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуішіндегі код

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер жіктеуішіндегі код

1

2

3

4

5

Cырттай оқу нысанында

03 Әлеуметтік ғылымдар және ақпарат

032 Журналистика және ақпарат

0322 Кітапханалық іс, ақпаратты өндеу және мұрағаттану

Кітапхана ісі


03220100



Кітапханашы

4S03220101

0322

2622-1

05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

052 Қоршаған орта

0522 Қоршаған орта және жабайы табиғат

Экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша)


05220100



Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың технигі

4S05220102

0522

2133-1

06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

0613 Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және талдау

Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)*


06130100



Ақпараттық жүйелер технигі

4S06130105

0613

3122-2

07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

071 Инженерия және инженерлік іс

0711 Химиялық инженерия және процестер

Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы


07110500



Техник-технолог

4S07110502

0711

3118-9

0713 Электротехника және энергетика

Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)


07130100



Техник-электрик

4S07130103

0713

3121

Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары


07130300



Техник-жылу энергетигі

4S07130303

0713

3121-9

0714 Электроника және автоматтандыру

Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)


07140100



Техник-электромеханик

4S07140102

0714

3122-2-005

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар


07140900



Телекоммуникациялық байланыс жүйелер технигі

4S07140902

0714

3522

0715 Механика және металл өңдеу

Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)


07150100



Техник-технолог

4S07150105

0715

3112-1

Техник-механик

4S07150106

0715

3115

Машиналар мен жабдықтарды пайдалану (өнеркәсіп салалары бойынша)*


07151100



Техник-механик

4S07151102

0715

3115

Түсті металдар металлургиясы


07151400



Техник-металлург

4S07151404

0715

3117-2

0716 Автокөлік құралдары, теңіз және әуе кемелері

Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету


07160500



Техник-электромеханик

4S07160503

0716

3121-2

Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану*


07161300



Техник-механик

4S07161304

0716

3115-9

Ауыл шаруашылығын механикаландыру*


07161600



Техник-механик

4S07161604

0716

3115-9

072 Өндірістік және өңдеу салалары

0721 Тағам өнімдерін өндіру

Тағам өндірісінің технологиясы*


07211300



Техник-технолог

4S07211303

0721

3129

0724 Тау-кенісі және пайдалық азбаларды өндіру

Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу


07240100



Техник-технолог

4S07240105

0724

3117-1

Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу


07240300



Техник-технолог

4S07240303

0724

3117-1

Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту)


07240500



Техник-технолог

4S07240503

0724

3117-1

073 Сәулет және құрылыс

0732 Құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану*


07320100



Техник-құрылысшы

4S07320106

0732

3113-1

08 Ауыл, орман, балықшаруашылығы және ветеринария

081 Ауыл шаруашылығы

0811 Ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіру және мал өсіру

Агрономия*


08110100



Агроном

4S08110103

0811

3142-0-001

082 Орман шаруашылығы

0821 Орман шаруашылығы

Орман шаруашылығы*


08210100



Орман шебері

4S08210103

0821

6210-1

084 Ветеринария

0841 Ветеринария

Ветеринария*


08410100



Ветеринарлық технигі

4S08410104

0841

3240

Ветеринарлық фельдшер

4S08410105

0841

3240

10 Қызметтер

104 Көлік қызметі

1041 Көлік қызметі

Темір жолкөлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару


10410200



Тасымалдауды ұйымдастырушы технигі

4S10410205

1041

4323-9

Кешкі оқу нысанында

09 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету

091 Денсаулық сақтау

0912 Медицина

Емдеу ісі


09120100



Фельдшер

4S09120101

0912

3212-0-006

0913 Науқастарға көмек көрсету (Мейіргерлік іс) және акушерлік іс

Мейіргер ісі


09130100



Жалпы практикадағы мейіргер

4S09130103

0913

3221-0-004

Онлайн-оқу нысанында

06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

0612 Деректер базасын және ақпараттық желілерді құру және оларды басқару

Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)


06120100



Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы

3W06120101

0612

4131-9

Желілік және жүйелік әкімшілендіру технигі

4S06120102

0612

3512-1

Деректер базасын әкімшілендіру жөніндегі техник

4S06120103

0612

3112-1

Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері


06120200



Аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандыруды қорғау операторы

3W06120201

0612

3512
4132

Ақпараттық қауіпсіздік технигі

4S06120202

0612

3122-2

0613 Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және талдау

Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша


06130100



Бағдарламалық кешен операторы

3W06130101

0613

2512-1

Web-дизайнер

3W06130102

0613

3122-2

Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы

4S06130103

0613

2512-2

Бағдарламалық қамтамасыздандыруға қызмет көрсету және тестілеу бойынша технигі

4S06130104

0613

3122-2

Ақпараттық жүйелер технигі

4S06130105

0613

3122-2

Экстернат нысанында

01 Білім

011 Білім

0114 Пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау

Дене тәрбиесі және спорт


01140500



Бейімделген дене тәрбиесі нұсқаушысы

4S01140502

0114

3422-3

Спорт жаттықтырушысы - оқытушы

4S01140503

0114

3422-1-010

02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

021 Өнер

0215 Музыка және театр өнері

Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша)


02150100



Концертмейстер, балалар музыка мектебінің оқытушысы

4S02150101

0215

2652-3 2373-4

Оркестр әртісі (дирижер), балалар музыка мектебінің оқытушысы

4S02150102

0215

2652-1 (2652-4) 2373-4

Халық аспаптар оркестрінің әртісі (дирижер), балалар музыка мектебінің оқытушысы

4S02150103

0215

2652-1 (2652-4) 2373-4

Эстрадалық аспаптар оркестрінің әртісі (дирижер), балалар музыка мектебінің оқытушысы

4S02150104

0215

2652-1 (2652-4) 2373-4

Вокалдық өнер*


02150300



Академиялық ән салу әртісі, балалар музыка мектебінің оқытушысы

4S02150301

0215

2652-5 2373-4

Эстрадалық ән салу әртісі, балалар музыка мектебінің оқытушысы

4S02150303

0215

2652-5 2373-4

Хор әртісі

4S02150304

0215

2652-9

Цирк өнері


02150600



Цирк әртісі, цирк жанрларының оқытушысы

4S02150601

0215

2659-1 2334-0-052

      Ескертпе: * ерекше білім беру қажеттіліктері бар азаматтар қатарынан кадрлар даярлау көзделген мамандық.

  Өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізіміне
2-қосымша
  Мемлекеттік орта, техникалық
және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдарында,
қосымша білім беретін
мектептен тыс ұйымдарда білім
алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша
көрсетілетін қызметтерді
және (немесе) тауарларды,
сондай-ақ мемлекеттік мектепке
дейінгі ұйымдарда, жетім
балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етуге байланысты тауарларды
жосықсыз берушілердің
(әлеуетті өнім берушілердің)
тізбесін қалыптастыру
қағидаларына
қосымша

Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесі

Жосықсыз өнім беруші (әлеуетті өнім беруші) туралы ақпарат

Өткізілген конкурс туралы мәліметтер

Өнім берушіні (әлеуетті өнім берушіні) жосықсыз берушілер (әлеуетті өнім берушілер) тізбесіне қосу негіздемесі, сот шешімінің күшіне енген күні

өнім берушінің (әлеуетті өнім берушінің) атауы

өнім берушінің (әлеуетті өнім берушінің) орналасқан жері

жеке сәйкестендiру нөмiрі/ бизнес-сәйкестендiру нөмiрi

конкурс қорытындысын шығару күні

мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлардың атауы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады