Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 08-1-1-1/648 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 қаңтарда № 10104 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 11-1-2/362 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 08.08.2016 № 11-1-2/362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

      2. Кадрлар басқармасы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.

Министрдің


міндетін атқарушы

Р. Жошыбаев


  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің м.а.
2014 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 08-1-1-1/648 бұйрығына

      қосымша

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі – СІМ) "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Жарлығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 2014 жылғы 5 маусымдағы № 04-2-4/93 ""Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 16 маусымда № 9521 тіркелді) бұйрығын іске асыру үшін әзірленді және СІМ "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.

      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.

      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.

      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:

      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;

      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы);

      3) қызметшінің қорытынды бағасынан тұрады.

      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.

      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.

      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы "тиімді" деген баға алуы, оны лауазымы бойынша көтеруге негіз болып табылады.

      7. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.

      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.

      8. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 27.08.2015 № 11-1-2/359 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны СІМ Жауапты хатшысы құрады.

      10. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.

      11. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссия төрағасы болып СІМ Жауапты хатшысы табылады.

      Комиссия хатшысы СІМ Кадрлар басқармасының (бұдан әрі – Кадрлар басқармасы) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      12. Кадрлар басқармасы Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.

      Кадрлар басқармасы бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      13. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын Кадрлар басқармасына қайтарады.

      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Кадрлар басқармасы және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      14. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.

      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай Кадрлар басқармасы бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.

      15. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда бағалау парағын толтырады.

      16. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы Кадрлар басқармасы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.

      17. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауының орташа есебін жүргізеді.

      18. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауы жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      19. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

      a = b + c

       a – қызметшінің қорытынды бағасы,

       b – тікелей басшының бағасы,

       c – осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.

      20. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:

      21 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз",

      21-дан 33 балға дейін – "қанағаттанарлық",

      33 балдан жоғары – "тиімді".

      6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      21. Кадрлар басқармасы осы Әдістеменің 12-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

      Кадрлар басқармасы Комиссияның отырысына мына құжаттарды:

      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;

      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;

      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;

      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

      22. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:

      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті қысқаша түсіндірмемен бағаны түзетеді. Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді

      23. Кадрлар басқармасы бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.

      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Кадрлар басқармасы қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

      24. Бағалау нәтижелері қызметшінің қызметтер тізіміне енгізіледі.

      25. Осы Әдістеменің 21-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы Кадрлар басқармасында сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      26. Комиссия шешіміне қызметшінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      27. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, СІМ Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

      28. Қабылданған шешім туралы ақпаратты СІМ екі апта ішінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне береді.

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне
1-қосымша

      нысан

Тікелей басшысының бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):

      _______________________________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________


р/н

Өлшем

Көрсеткіштің мәні (саны)

Баға (балл)

1.

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейін


2.

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 8-ге дейін


3.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке дейін


4.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)




Таныстым:
Қызметші (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
____________________________
күні________________________
қолы _______________________

Тікелей басшы (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
_____________________________
күні ________________________
қолы ________________________

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне
2-қосымша

       нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 27.08.2015 № 11-1-2/359 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Айналмалы бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):

      _______________________________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________


р/н

Өлшем

Көрсеткіштің мәні

Баға (балл)

Бағынышты адам

1

Жұмысты жоспарлай алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2

Жұмысқа ынталандыру қабілеті

2-ден 5-ке дейін


3

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың бағасы)


Әріптесі

1

Топта жұмыс істей алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


3

Лауазымдық міндеттерін орындау сапасы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың бағасы)



  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне
3-қосымша

      нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі


р/р

Қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Тікелей басшының бағасы

Айналмалы баға

Қорытынды баға

1





...






      Комиссия қорытындысы:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

       Тексерген:

      Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: ___________________

       (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

      Комиссия төрағасы:_______________________ Күні: ____________________

       (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

      Комиссия мүшесі: ________________________ Күні: ____________________

       (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Министерства иностранных дел Республики Казахстан

Приказ и.о. Министра иностранных дел Республики Казахстан от 23 декабря 2014 года № 08-1-1-1/648. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 января 2015 года № 10104. Утратил силу приказом Министра иностранных дел Республики Казахстан от 8 августа 2016 года № 11-1-2/362

      Сноска. Утратил силу приказом Министра иностранных дел РК от 08.08.2016 № 11-1-2/362 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 16 Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года "О государственной службе", с пунктом 27 Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Министерства иностранных дел Республики Казахстан согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Управлению кадров обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в официальных средствах массовой информации.

      3. Настоящий приказ вступает в силу со дня его государственной регистрации и подлежит официальному опубликованию.

      Исполняющий

      обязанности Министра Р. Жошыбаев

  Приложение
к приказу и.о. Министра иностранных дел
Республики Казахстан
от 23 декабря 2014 года № 08-1-1-1/648

Методика ежегодной оценки деятельности административных
государственных служащих корпуса "Б"
Министерства иностранных дел Республики Казахстан

      Примечание РЦПИ!
      В Методику внесены изменения на казахском языке, текст на русском языке не изменяется в соответствии с приказом Министра иностранных дел РК от 27.08.2015 № 11-1-2/359 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

1. Общие положения

      1. Настоящая Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Министерства иностранных дел Республики Казахстан (далее – МИД) разработана в реализацию Указа Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих", а также приказа и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 5 июня 2014 года № 04-2-4/93 "Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 июня 2014 года № 9521) и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" МИД (далее – служащие).

      2. Ежегодная оценка деятельности служащих (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.

      3. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.

      4. Оценка служащего складывается из:

      1) оценки непосредственного руководителя служащего;

      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего);

      3) итоговой оценки служащего.

      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.

      5. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.

      6. Получение служащим оценки "эффективно" в течение трех лет служит основанием для повышения его в должности.

      7. Получение служащим двух оценок "неудовлетворительно" в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.

      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.

      8. Служащий, получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.

      9. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по оценке (далее – Комиссия), которая создается Ответственным секретарем МИД.

      10. Комиссия состоит не менее, чем из трех членов, в том числе председателя.

      11. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя Комиссии является решающим.

      Председателем Комиссии является Ответственный секретарь МИД.

      Секретарем Комиссии является сотрудник Управления кадров МИД (далее – Управление кадров). Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.

      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      12. Управление кадров формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.

      Управление кадров уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в подпунктах 1) и 2) пункта 4 настоящей Методики, о проведении оценки не позднее одного месяца до проведения оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.

3. Оценка непосредственного руководителя

      13. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от Управления кадров, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист в Управление кадров в течение двух рабочих дней.

      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме.

      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае работником Управления кадров и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      14. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия).

      Перечень таких лиц (не более трех) определяется Управлением кадров не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.

      15. Лица, указанные в пункте 14 настоящей Методики, заполняют оценочный лист по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.

      16. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 14 настоящей Методики, направляются в Управление кадров в течение двух рабочих дней со дня их получения от Управления кадров.

      17. Управление кадров осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 14 настоящей Методики.

      18. Оценка лицами, указанными в пункте 14 настоящей Методики, осуществляется на анонимной основе.

5. Итоговая оценка служащего

      19. Итоговая оценка служащего вычисляется Управлением кадров не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:

       a = b + c

       где a – итоговая оценка служащего,

       b – оценка непосредственного руководителя,

       c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 14 настоящей Методики.

      20. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:

      менее 21 балла – "неудовлетворительно",

      от 21 до 33 баллов – "удовлетворительно",

      выше 33 баллов – "эффективно".

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      21. Управление кадров обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, указанным в пункте 12 настоящей Методики.

      Управление кадров предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:

      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;

      2) заполненный лист круговой оценки;

      3) должностная инструкция служащего;

      4) проект протокола заседания Комиссии по оценке с указанием итоговой оценки по форме согласно приложению 3 настоящей Методики.

      22. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:

      1) утвердить результаты оценки;

      2) пересмотреть результаты оценки.

      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим кратким пояснением в протоколе. При этом не допускается снижение оценки служащего.

      23. Управление кадров ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.

      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.

      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае работником Управления кадров в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

      24. Результаты оценки вносятся в послужные списки служащих.

      25. Документы, указанные в пункте 21 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в Управлении кадров.

7. Обжалование результатов оценки

      26. Обжалование решения Комиссии служащим в Агентстве Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.

      27. Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует МИД отменить решение Комиссии.

      28. Информация о принятом решении представляется МИД в течение двух недель в Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции.

  Приложение 1
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих
корпуса "Б"
Министерства иностранных дел
Республики Казахстан

      форма

Оценочный лист непосредственного руководителя

       Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего:

       ___________________________________________________________

       Должность оцениваемого служащего: _________________________

№ п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)

1.

Инициативность

от 2 до 5


2.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 8


3.

Способность к сотрудничеству

от 2 до 5


4.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


ИТОГО (сумма всех оценок):




Ознакомлен(а):
Служащий (Ф.И.О. (при его наличии)
_________________________________
дата ____________________________
подпись _________________________

Непосредственный руководитель (Ф.И.О. (при его наличии)
______________________________
дата
______________________________
подпись
______________________________

  Приложение 2
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих
корпуса "Б"
Министерства иностранных дел
Республики Казахстан

      Примечание РЦПИ!
      Приложение 2 в новой редакции на казахском языке, текст на русском языке не изменяется в соответствии с приказом Министра иностранных дел РК от 27.08.2015 № 11-1-2/359 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      форма

Лист круговой оценки

      Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего:

       _______________________________________________________________

       Должность оцениваемого служащего: _____________________________


п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)

Подчиненный

1.

Умение планировать работу

от 2 до 5


2.

Умение мотивировать к работе

от 2 до 5


3.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5



Итого (сумма всех оценок)


Коллега

1.

Умение работать в команде

от 2 до 5


2.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


3.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 5



Итого (сумма всех оценок)



  Приложение 3
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих
корпуса "Б"
Министерства иностранных дел
Республики Казахстан

      форма

Протокол заседания Комиссии по оценке Министерство иностранных дел Республики Казахстан

№ п/п

Ф.И.О. (при его наличии) служащего

Оценка непосредственного руководителя

Круговая оценка

Итоговая оценка

1










      Заключение Комиссии:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       Проверено:

       Секретарь Комиссии:____________________ Дата: _________________

       (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)

       Председатель Комиссии:_____________________ Дата: _____________

       (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)

       Член Комиссии:__________________________ Дата: ________________

       (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)