Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 22.04.2015 № 18/01 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы №88 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Қоса беріліп отырған Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
2.
«Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті іс-шараларды қабылдасын.
3.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
4.
Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
Н. Әбдібеков |
Қарағанды облысы әкімдігінің |
Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары
1.
Осы Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы №88 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді және облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.
2.
Облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысын есептеу осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес құрылыс үлгісі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, инженерлік коммуникациялардың бар болуы, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен коэффициенттердің мөлшерлері негізінде анықталып, мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Ап = Рбс х S х Кт х Кв х Кик х Кр х Квд х Копф,
мұнда:
Ап – жылына облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Рбс - 1 шаршы метрге жылына теңге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі;
S - жалға алынатын алаң, шаршы метр;
Кт - құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;
Кв - тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
Кик - инженерлік коммуникациялардың бар болуын ескеретін коэффициент;
Кр - аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Квд - жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
Копф - жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
3.
Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және өзге де тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының есеп айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Ап = С х Nam /100 х Кп
мұнда:
Ап - жылына жабдықтар, көлік құралдары және өзге де тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
С - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны.
100 пайыз тозуы есептелген жабдықтарды, көлік құралдарын және өзге де тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
Nam - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
Кп - төмендету коэффициенті (жабдықтарды, көлік құралдарын және өзге де тұтынылмайтын заттарды алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8 мөлшерінде).
4.
Облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін, сондай-ақ жабдықты, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттарды сағат бойынша мүліктік жалдауға (жалға алу) ұсыну кезінде жалдау ақысын есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Ач=Ап/12/Д/24,
мұнда:
Ач – сағатына облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Ап – жылына облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
12 – жылдағы айдың саны;
24 – тәуліктегі сағаттың саны;
Д – объектілерді мүліктік жалдауға беру жүзеге асырылатын айдағы күндердің саны.
Облыстық коммуналдық |
Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде құрылыс үлгісі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, инженерлік коммуникациялардың бар болуы, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері
Базалық мөлшерлеменің мөлшерлері – тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш.
№ |
Коэффициенттер түрі |
Коэффициент мөлшері |
||
1 |
Құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент (Кт): |
|||
1.1 ғимарат |
1,0 |
|||
1.2 спорттық имараттар (стадион, спорттық зал, спорттық алаңдар) |
0,7 |
|||
1.3 басқа құрылыстар (имараттар) |
0,9 |
|||
2 |
Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кв): |
|||
2.1 жер үсті қабатында орналасқан үй-жай |
1,0 |
|||
2.2 үй асты (жартылай жертөле) қабатында орналасқан үй-жай |
0,9 |
|||
2. жертөле қабатындағы үй-жай |
0,8 |
|||
2.5 басқа (шатыр,шатырдағы жай, тамбур, мансарда, лоджия, ашық спорттық құрылыстар және басқа) |
0,7 |
|||
3 |
Инженерлік коммуникациялардың бар болуын ескеретін коэффициент (Кик): |
|||
3.1 барлық инженерлік коммуникациялары бар үй-жайлар үшін (жылумен, электрмен, сумен жабдықтау, және кәрізбен) |
1,0 |
|||
4 |
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр): |
|||
6.1 Қарағанды қ. үшін |
||||
6.1.1 Қазыбек би атындағы аудан үшін |
3,0 |
|||
6.1.2 Октябрь ауданы |
2,0 |
|||
6.2 облыстық мәні бар қалалар үшін |
1,5 |
|||
6.3 аудандық орталықтар үшін |
1,0 |
|||
6.4 кент, ауыл |
0,5 |
|||
5 |
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд): |
|||
5.1 банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары, Қазақстан Республикасы ұлттық почта операторы, банкоматтар, төлеу терминалдары (мультикассалар) үшін |
2,5 |
|||
5.2 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін |
3,0 |
|||
5.3 сауда, қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру, сату автоматтары үшін |
2,5 |
|||
5.4 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру (асхана, буфеттер) үшін |
1,5 |
|||
5.5 оқу орындарында (мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде және спорттық мектептерде) қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру (асхана, буфеттер) үшін |
0,5 |
|||
5.6 денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларында қызмет ету (қызметтерді) және іс-шараларды ұйымдастыру үшін |
1,0 |
|||
5.7 ұялы байланыс, интернет желісі саласында қызмет ету үшін (телекоммуникация жабдықтарын орналастыру және басқа) |
5,0 |
|||
5.8 мынадай салаларда қызметтерді ұйымдастыру үшін: |
1,1 |
|||
5.9 5.1-5.8-тармақтарында көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, басқа қызмет түрлері үшін |
2,0 |
|||
6 |
Жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф): |
|||
6.1 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін |
0,5 |
|||
6.2 жеке кәсіпкерлер, шаруалар қожалықтары үшін |
0,9 |
|||
6.4 жарғылық капиталындағы акционерлік қоғам акцияларының бақылау пакеті немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысуының бақылау үлесі Қарағанды облысының әкімдігіне тиесілі акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін* |
0,5 |
|||
6.4 қалғандары үшін |
1,0 |
|||
* акционерлік қоғамның акцияларының бақылау пакеті немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысуының бақылау үлесі тиісінше акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі екендігін білдіреді