Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
"Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 08 қазандағы № 54/05 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 31 қазанында № 2805 тіркелген, 2014 жылғы 08 қарашадағы № 199 (21720) "Индустриальная Караганда", 2014 жылғы 08 қарашадағы № 215-216 (21850) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы әкімдігінің 10.07.2015 № 38/01 қаулысымен.
2.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
Облыс әкімі |
Н. Әбдібеков |