Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 05.08.2024 № 20/118 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес Жезқазған, қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 6/51 "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-2-156 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 22 маусымдағы № 26 (7776) "Сарыарқа" газетінде және 2012 жылғы 22 маусымдағы № 25 (321) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 20 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"20. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 4 тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.";
2) 21 тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Асансеитов |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | С. Медебаев |