Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы N 6/51 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2012 жылғы 18 маусымда N 8-2-156 тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 5 тамыздағы № 20/118 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 05.08.2024 № 20/118 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері", 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы", 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулыларына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережесі бекітілсін.

      2. Жезқазған қалалық мәслихатының "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту" 2012 жылғы 19 наурыздағы N 4/28 шешімі жойылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы

Г.И. Каженова

Қалалық мәслихаттың хатшысы

С.Т. Медебаев


  Жезқазған қалалық мәслихатының
2012 жылғы 24 мамырдағы N 6/51
шешімімен бекітілді

Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ереже

      Осы Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері", 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы", 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулыларына сәйкес әзірленді және Жезқазған қаласының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      1-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) алушы – өз атынан немесе отбасы мүшелерінің атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген және тұрғын үй көмегін алған тұлға;

      3) жалдауға беруші (жалға беруші) - тұрғын жайды жалдау шартындағы тұрғын жайдың меншік иесі немесе тұрғын үйді жалдауға беруге меншік иесі уәкілеттік берген адам болып табылатын тарап;

      4) жалдаушы (жалға алушы) – тұрғын жайды жалдау шартындағы тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға алушы тарап;

      5) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;

      6) кондоминиум - үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiң дара (бөлек) меншiгiнде болатын, ал ортақ мүлiк оларға ортақ үлестiк меншiк құқығымен тиесiлi болатын жағдайда, жылжымайтын мүлiкке меншiктiң нысаны;

      7) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу – қажет болған жағдайда құрылымдық элементтер мен инженерлік жабдықтау жүйелерін ауыстыра отырып, ғимараттың (объектінің) негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгерістерімен байланысты емес физикалық және сапалық тозуды жоюға қатысты құрылыс және ұйымдастыру-техникалық іс-шараларының кешені;

      8) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      9) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;

      10) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      11) өтініш беруші (жеке тұлға) – жеке өз басы немесе отбасы атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш беруші тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);

      12) тұрғын жайды жалдау (жалға алу) - жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін ақысын төлетіп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру;

      13) тұрғын жайды жалдау (жалға алу) шарты – оған сәйкес жалдауға беруші (жалға беруші) жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды не оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын беретін шарт;

      14) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын, жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар түріндегі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге жинақталатын ақша;

      15) уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);

      16) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;

      17) шот – тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтынуға, жергілікті уәкілетті органмен жеке тұрғын үй қорынан жалдап алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеу шығындарын төлеуге, қызметтерді жеткізушілермен электрондық тасығышта, немесе өтініш берушімен қағаз тасығышта тұрғын үй көмегін тағайындау мерзіміне берілетін құжат (түбіртек, хабарлама, анықтама).

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 24.08.2018 N 26/238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2020 N 45/397 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 30.04.2020 N 45/397 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге, сонымен қоса телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне жұмсалатын отбасының (азаматтың) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (адамның) жиынтық табысының алты пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 26.12.2018 № 31/286 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2020 N 45/397 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі шешімдерімен.

      3-1. Тұрғын үй көмегі аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Ескерту. Қағида 3-1 тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 30.04.2020 N 45/397 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін айқындау

      4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін келесі тәртіппен көрсетеді:

      1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормалары тұрғын үй заңнамасымен белгіленген отбасының әр мүшесіне берілетін тұрғын үй нормасына балама және көп бөлмелі пәтерлерде бір адамға 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін – пәтердің жалпы көлемі. Көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғыз басты азаматтар үшін берілетін тұрғын үй ауданының әлеуметтік нормасы - 30 шаршы метр;

      2) коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары:

      қызмет жеткізушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, жүкқұжаттар, шот-фактуралар), нақты шығыстар бойынша, қатты отынды пайдалану:

      1985 жылға дейін салынған тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылу беру маусымына есептегенде) 161 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылу беру маусымына есептегенде) 98 килограмм көмірден артық емес;

      1985 жылдан кейін салынған тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылу беру маусымына есептегенде) 125 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылу беру маусымына есептегенде) 72 килограмм көмірден артық емес;

      жылу беру маусымының ұзақтығы – 7 ай;

      тұрғын үй көмегін есептеу барысында, статистика органдарының мәліметтері бойынша Жезқазған қаласында өткен тоқсанда қалыптасқан көмір бағасы қолданылады;

      нақты шығындар бойынша, отбасының электр қуатын тұтынуы:

      газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 150 киловаттан;

      электр плитасымен жабдықталған үйлерде айына 250 киловаттан аспауы керек;

      3) cуық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқысты әкетуді тұтыну, тұрғын үйді қүтіп – ұстауға жұмсалатын шығыстары нормалары басқару нысанына тәуелсіз (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері, басқарудың заңды үлгісін рәсімдегендер) қызмет көрсетушілермен немесе тарифтерді бекітетін органмен бекітілген тарифтердің негізінде белгіленеді;

      4) тиісті төленуге жататын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуді жүргізудің кезектілігі жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, жалпы жиналыста пәтер иелерінің шешімімен анықталады.

      5. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне төлемақы белгіленген нормадан тыс жалпы негіздерде жүргізіледі.

      6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметін көрсету үшін абоненттік төлемақы тарифінің арттырылуының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте өтелуге жатады.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі

      7. Тұрғын үй көмегін уәкілетті орган береді және тұрғылықты мекенжайы бойынша жеке тұлғаларға тағайындалады.

      8. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2012.08.17 N 9/75 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      9. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2012.08.17 N 9/75 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Алкогольге немесе есірткіге тәуелді отбасы мүшелерімен не 18 жасқа толмаған адамдармен бірге тұратын және пәтерлердің меншік иелері болып табылатын зейнеткерлерге және мүгедектерге тұрғын үй көмегі бір бөлмелі немесе көп бөлмелі пәтерлерде тұратындығына қарамастан, бір адамға тұрғын үй алаңының нормасы (18 шаршы метр) және бір адамға коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегінде беріледі.

      11. Даулы, шиеленісті немесе ерекше жағдайлар туындаған жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау туралы мәселе сот тәртібімен шешілуі мүмкін.

      12. Тұрғын үй көмегінің сомасы артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған көрінеу жалған мәліметтерді берген жағдайда тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады. Тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар ерікті түрде, ал төлеуден бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

      13. Тұрғын үй көмегі ақысыз немесе қолма–қол нысанда беріледі. Ақысыз нысаны – бұл ақшалай қаражаттарды қызмет жеткізушілердің есеп шоттарына, сонымен қатар кондоминиум объектісін басқару органдарының шоттарына (ағымдағы, жинақтаушы) аудару.

      Тұрғын үй көмегі сомасын коммуналдық қызметтерді жеткізушінің (кәсіпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі) есеп шотына аудару мүмкін болмаған жағдайда, ол қызмет көрсететін басқа қызмет жеткізушілердің арасында үлестіріледі немесе қолма-қол ақысыз нысанда төленеді. Қолма–қол нысаны екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы операцияларды жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдары арқылы азаматтардың шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылатын ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Есеп шотына аудару үшін өтініш беруші, екінші деңгейлі банкте немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдарда ашылған есеп шотын ұсынады.

4. Тұрғын үй көмегін беру мерзімдері мен мерзімділігі

      14. Тұрғын үй көмегі тоқсан сайын табыстары туралы, коммуналдық шығындар мен берілген үйде тұрушылардың отбасы құрамы жайлы мәліметтерді бере отырып, өтініш берілген айдан бастап барлық қажетті құжаттармен бір жылға тағайындалады.

      Тұрғын үй көмегін алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған рәсіміне сәйкес болады.

      15. Тоқсан сайын табыстары туралы, коммуналдық шығындар мен отбасы құрамы жайлы мәліметтерді ұсынатын отбасылар құжаттарды нақты тапсырған күнге тәуелсіз, тұрғын үй көмегін бір тоқсанға алады.

      16. Ағымдағы тоқсан бойы табыстары туралы, коммуналдық шығындар мен отбасы құрамы жайлы мәліметтерді ұсынбаған отбасыларға, қандай да себепке қарамастан, тұрғын үй көмегін тағайындау құжаттар ұсынылған айдан бастап жүргізіледі.

      17. Тұрғын үй көмегін алушылар он күннің ішінде өз үйінің жеке меншік үлгісінің, отбасы құрамы және жиынтық табысы өзгеруінің қандай да жағдайлары туралы уәкілетті органдарға хабарлауы қажет.

      18. Коммуналдық қызметтердің тарифтерін өзгерту кезінде, тарифтің өзгергені жайлы өкілетті органға құжатты ұсынған айдан бастап қайта бекіткен тарифі бойынша көмекті тағайындау жүргізіледі.

      19. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде отбасындағы басқа қалаларда уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген тұлғалар (оқушылар, студенттер) есепке алынбайды.

      19-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Ескерту. Ереже 19-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 24.08.2018 N 26/238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      19-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. Ереже 19-2-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 24.08.2018 N 26/238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

5. Өтініш білдіру және тұрғын үй көмегін есептеу тәртібі

      20. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегiн көрсету ереженің 4 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 20 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 24.08.2018 N 26/238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      20-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Ескерту. Ереже 20-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 24.08.2018 N 26/238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      20-2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. Ереже 20-2-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 24.08.2018 N 26/238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      20-3. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. Ереже 20-3-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 24.08.2018 N 26/238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      20-4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. Ереже 20-4-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 24.08.2018 N 26/238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      20-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      Ескерту. Ереже 20-5-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 24.08.2018 N 26/238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      20-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Ескерту. Ереже 20-6-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 24.08.2018 N 26/238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      21. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 09.07.2014 N 25/219 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)шешімімен.

      22. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жолдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      23. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға, коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына және телекоммуникация қызметін көрсетуге абоненттiк төлемақы тарифiнiң арттырылуы төлемдеріне нақты есептелген сомалардан артуы мүмкін емес.

      24. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін коммуналдық қызметтер бойынша есептелген төлемдер тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен электрондық тасығышта не болмаса жеке тұлғалармен қағаз тасығышта (шоттар, түбіртектер, хабарламалар, анықтамалар) ұсынылады.

  Жезқазған қаласының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
мен тәртібі туралы Ережесіне 1-қосымша

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш

      Өтініш берушіні есепке алғанда, ________ адамнан тұратын менің отбасыма тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, сондай-ақ телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй көмегін тағайындауыңызды сұраймын.

      Мен және менің отбасымның мүшелері табысы жөніндегі мәліметтерді беруге келісім білдіргеніміздің дәлелі ретінде заңды және жеке тұлғаларға ұсынылуы мүмкін табыстар жөніндегі ақпаратты жариялауға өз рұқсатымызды береміз.

      Маған тұрғын үй көмегінің артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеліп соқтыратын көрінеу жалған мәліметтерді бергенім үшін көмектің төленуі тоқтатылатыны туралы, ал тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар ерікті түрде қайтарылуы тиіс екендігі, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылатыны ескертілді.

      Қажетті құжаттарды қоса ұсынамын.

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 177-бабының 1-тармағына және 325-бабының 3-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығына жүктелетін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      Өтініш берушінің деректері:

      Тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________________

      Жеке куәлік деректері ___________________________

      (өтініш берушінің туған күні, N және куәліктің берілген күні)

      СТН _________________________________________________

      ӘЖК ________________________________________________________

      Отбасының өтініш беру тоқсанының алдындағы тоқсандағы жиынтық табысының орташа айлық мөлшері ___________________________________

      Өтініште көрсетілген табыстардан басқа табыстар жоқ.

      Тұрғылықты жері _________________ ______________ көшесі

      _____ үй ___________ пәтер телефон _______________

      тиістілік _______________________ түрі___________________

      (пәтер иелері кооперативі) (жеке, мемлекеттік)

      Жалпы ауданы ______ шаршы метр.

      Қосымша аудан _____ шаршы метр.

      Бөлме саны ________

      Әлеуметтік мәртебе _______________ отбасылық жағдай _______________

      Қызмет берушілерге тұрғын үй көмегін аударуға келісім беремін.

      Меншігімде бір тұрғын үй бар.

      Өтініш берушінің қолы __________________

      Күні __________________________________

  Жезқазған қаласының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
мен тәртібі туралы Ережесіне 2-қосымша

Отбасы құрамы мен тұрғын үй алаңының жалпы ауданы туралы анықтама

      Азамат (ша) _____________________________________________

      оның: ___________ көшесі (шағын аудан) ________ үй ______ пәтер __________ мекенжайы бойынша тұратындығын растау үшін берілді.

      Отбасы құрамы __________________ адам.

      Тұратын алаңы __________ шаршы метр.

      Пәтерге (үйге) құқығын белгілейтін құжат N ________ _____________

      ____________________________________________________

      Тұрғын үй иесімен бірге келесі адамдар тұрады:

Т.А.Ә.

Туған жылы

Туыстығы

Қай уақыттан бері тұрады


















































      Анықтама азаматтарды тіркеу кітабының негізінде толтырылды.

      Маманның қолы ______________________

      Қабылдау мерзімі ___________________

  Жезқазған қаласының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен
тәртібі туралы Ережесіне 3-қосымша

Отбасының барлық мүшелерінің кірістері туралы анықтама

      1. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _______________________________________

Айы

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Кірістің түрі













Кірістің сомасы














      2. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _______________________________________

Айы

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Кірістің түрі













Кірістің сомасы














      3. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _______________________________________

Айы

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Кірістің түрі













Кірістің сомасы














      Өтініш берушінің қолы __________________

      Күні ______________________________

  Жезқазған қаласының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету
мөлшері мен тәртібі туралы
Ережесіне 4-қосымша

200 __ жылғы ____ бойынша тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары туралы анықтама

      Төлеуші ______________________________________________________

      (пәтер иесінің (жалдаушы) Т.А.Ә.)

      Мекенжайы ____________________________________________________

      Жалпы ауданы _______________ шаршы метр.

      Бөлме саны _________________

      Үйдің жалпы сипаттамасы __________________________________________

      (ыстық сумен қамтамасыз ету)

Төлем түрлері

Қызмет саны

Жеке шоттың нөмірі

1. Тұрғын үйді ұстау шығындары (ПИК, ПИТК)



2. Жылыту жүйесі



3. Ыстық су



4. Суық су



5. Кәріз



6. Электр энергиясымен қамтамасыз ету



7. Қоқыс шығару



8. Телефонға абоненттік төлем




      Маманның қолы _____________________________

      Қабылданған күні ____________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады