Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібi туралы" Заңына сәйкес азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуін, жасыл желектердің және шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Қаражал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі ХХХІV сессиясының № 34/350 "Жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-5-37 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 18 тамыздағы № 33 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
XXX сессияның төрағасы | Н. Аманбаев |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | З. Оспанова |
Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 маусымдағы № 242 шешіміне қосымша |
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізу орындарының тізбесі
№ | Елді мекен | Өткізу орны |
1 | Қаражал қаласы | Абай көшесіндегі Орталық қалалық алаң; Битабар көшесіндегі "Горняк" стадионының жанындағы қосалқы футбол алаңы. |
2 | Жәйрем кенті | Абай көшесіндегі "Мәдени-сауық орталығы" ғимаратының алдындағы алаң; Шинтуринов көшесіндегі соңғы аялдама. |