Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 маусымдағы ХХХ сессиясының № 242 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 шілдеде № 2702 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы II сессиясының № 20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 11.05.2016 II сессиясының № 20 (оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі ) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібi туралы" Заңына сәйкес азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуін, жасыл желектердің және шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Қаражал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі ХХХІV сессиясының № 34/350 "Жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-5-37 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 18 тамыздағы № 33 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

XXX сессияның төрағасы
Н. Аманбаев
Қалалық мәслихаттың хатшысы
З. Оспанова

      

  Қаражал қалалық мәслихатының
2014 жылғы 24 маусымдағы
№ 242 шешіміне
қосымша

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізу орындарының тізбесі


Елді мекен
Өткізу орны
1
Қаражал қаласы
Абай көшесіндегі Орталық қалалық алаң;
Битабар көшесіндегі "Горняк" стадионының жанындағы қосалқы футбол алаңы.
2
Жәйрем кенті
Абай көшесіндегі "Мәдени-сауық орталығы" ғимаратының алдындағы алаң;
Шинтуринов көшесіндегі соңғы аялдама.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады