Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Сәтбаев қаласының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 03/13 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 наурызда № 2558 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 68/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 12.12.2019 № 68/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Сәтбаев қаласының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Сәтбаев қаласының білім беру ұйымдарына қабылдау ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 24 қыркүйектегі № 24/01 (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-89 тіркелген, 2009 жылғы 9 қазандағы "Шарайна" газетінде № 72 (1749) ресми жарияланды) қаулысының күші жойылған деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары С.С. Имамбай жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі

Ә.С. Омар


  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 07.02
№ 03/13 қаулысымен
бекітілген

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Сәтбаев қаласының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Сәтбаев қаласының білім беру ұйымдарына қабылдаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Сәтбаев қаласының білім беру ұйымдарына оқуға (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) қабылдаудың тәртібін айқындайды.

      2. Білім беру ұйымдары оқуға қабылдауды Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.

      3. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жағдайын қамтамасыз ету үшін оларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

2. Бастауыш білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі

      4. Бастауыш білім беру ұйымдары даярлық деңгейіне қарамастан, кезекті оқу жылының 1 қыркүйегіне дейін білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумақтарындағы алты (жеті) жасқа толған барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.

      Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:

      1) баланың заңды өкілдерінен өтініш;

      2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық паспорт);

      4) тұратын жерінен анықтама немесе тұратын жерін растайтын басқа құжат;

      5) 3x4 көлеміндегі фото — 2 дана.

      Бастауыш білім беру ұйымының бірінші сыныбына баратын балалардың заңды өкілдерінен өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында жүргізіледі.

      5. Бастауыш білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау кезінде басшылар оқуға келушілерді, олардың заңды өкілдерін осы Қағидалармен, жарғымен және білім беру процесін ұйымдастыруды регламенттейтін басқа да құжаттармен таныстырады.

      6. Бастауыш білім беру ұйымының бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді.

      Мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар үшін білім беру ұйымдары оқу жылы басталғанға дейін даярлық курстарын ұйымдастырады.

      7. Білім алушылар қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.

      8. Сыныптарды даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді. Бұл ретте сыныптағы шекті сыйымдылық 25 білім алушыдан аспайды.

3. Негізгі орта білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі

      9. Бастауыш білім беру деңгейін аяқтаған білім алушыларды, негізгі орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен құрылатын комиссияның шешімімен жүзеге асырылады және заңды өкілдердің мүдделері ескеріле отырып аталған ұйымға бекітілген аумақта тұратын барлық білім алушылардың қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.

      10. Негізгі орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын жекеменшік білім беру ұйымдарының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына қабылдау Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартына сәйкес білім беру ұйымы мен білім алушының заңды өкілдерінің арасында жасалған ақылы негізде білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

4. Жалпы орта білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі

      11. Бейінді мектептің оныншы немесе он бірінші сыныптарына қабылдау оқытудың бейінін таңдау кезінде білім алушының қызығушылығы, бейімі мен қабілеті ескеріле отырып, білім алушының тұратын аумағын ескерместен баланың заңды өкілінің келісімімен білім алушының жеке өтініші және негізгі орта білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының болуы негізінде жүзеге асырылады.

      Өтініштерді қабылдау негізгі орта білім беру деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты бергеннен кейін басталады.

      12. Жалпы білім беретін гимназиялардың, лицейлердің оныншы немесе он бірінші сыныптарына қабылдау білім алушылардың жеке өтініші немесе олардың заңды өкілдерінің өтініші негізінде және білім алушының тұратын аумағын ескерместен негізгі орта білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты бар болғанда жүзеге асырылады.

      13. Білім алушыларға және білім алушының заңды өкілдеріне осы Қағидалармен, білім беру ұйымының жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензиямен, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымына қабылдау тәртібімен, білім беру ұйымының қызметін реттейтін басқа да құжаттармен танысуға мүмкіндік беріледі.

      14. Ақылы білім беру қызметтерін іске асыратын жекеменшік ұйымдарда білім алушылардың, олардың заңды өкілдерінің өзара қарым-қатынастары білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартына сәйкес білім беру ұйымы мен заңды өкілдердің арасында жасалған ақылы негізде білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың ережелері ескеріле отырып реттеледі.

      15. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының оныншы немесе он бірінші сыныбына қабылдаудан бас тартылған жағдайда білім беру ұйымын бітіруші және (немесе) оның заңды өкілдері білім беру саласындағы уәкілетті органдарға шағымданады.

5. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі

      16. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі.

      17. Мамандандырылған білім беру ұйымдары оқуға қабылдаудың қосымша конкурстық турларын белгілейді. Оқушыларды іріктеудің мазмұны мен нысаны, қабылдау, ауыстыру және бітіру тәртібі аталған білім беру ұйымының Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

      18. Жалпы білім беретін лицейлер мен гимназиялар белгілі бір шағын учаскеде тұратын балалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында анықталған міндетті білім көлемін алуын қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін сыныптарды құрады.

Об утверждении Правил приема на обучение в организации образования города Сатпаев, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования

Постановление акимата города Сатпаев Карагандинской области от 7 февраля 2014 года № 03/13. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 18 марта 2014 года № 2558. Утратило силу постановлением акимата города Сатпаев Карагандинской области от 12 декабря 2019 года № 68/01

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Сатпаев Карагандинской области от 12.12.2019 № 68/01 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 27 июля 2007 года "Об образовании" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 127 "Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования" акимат города ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила приема на обучение в организации образования города Сатпаев, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата города Сатпаев "Об утверждении Правил приема в организации образования города Сатпаев, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования" от 24 сентября 2009 года № 24/01 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8-6-89, официально опубликовано 9 октября 2009 года в № 72 (1749) газеты "Шарайна").

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Сатпаев Имамбай С. С.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Аким города

Ә. С. Омар


  Утверждены постановлением
акимата города Сатпаев
от 7.02.2014 года
№ 03/13

Правила приема на обучение в организации образования города Сатпаев, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила приема на обучение в организации образования города Сатпаев, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования (далее – Правила), разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" и определяют порядок приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего образования города Сатпаев (далее – организации образования), независимо от форм их собственности и ведомственной подчиненности.

      2. Организации образования осуществляют прием на обучение в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, настоящими Правилами, иными нормативными правовыми актами, а также разработанными на их основе уставами организаций образования.

      3. Прием на обучение в организации образования детей с ограниченными возможностями в развитии для обеспечения условий получения ими образования осуществляется с учетом заключения педагого-медико-психологической комиссии при согласии законных представителей.

2. Порядок приема в организации начального образования

      4. Организации начального образования обеспечивают прием в первый класс всех детей, проживающих на территории обслуживания организации образования, достигших к 1 сентябрю очередного учебного года шести (семи) лет, независимо от уровня подготовки.

      Для приема детей в первый класс необходимы следующие документы:

      1) заявление от законных представителей ребенка;

      2) копия свидетельства о рождении ребенка;

      3) справка о состоянии здоровья (медицинский паспорт);

      4) справка с места жительства или иной документ, подтверждающий место проживания;

      5) фотографии размером 3х4 см – в количестве 2 штук.

      Прием заявлений от законных представителей детей, поступающих в первый класс организаций начального образования, производится с 1 июня по 30 августа текущего года.

      5. При приеме обучающихся в организации начального образования руководители ознакамливают поступающих, их законных представителей с настоящими Правилами, уставом и другими документами, регламентирующими организацию образовательного процесса.

      6. При приеме в первый класс организаций начального образования экзамены, тестирование, зачеты, конкурсы не проводятся.

      Для детей, не посещавших дошкольные учреждения или не прошедших предшкольную подготовку, организациями образования организуются подготовительные курсы до начала учебного года.

      7. Зачисление в число обучающихся производится на основании приказа руководителя организации образования.

      8. Не допускается комплектование классов по уровню подготовки и степени развития детей. При этом предельная наполняемость в классе составляет не более 25 обучающихся.

3. Порядок приема в организации основного среднего образования

      9. Прием обучающихся в пятые, шестые, седьмые, восьмые, девятые классы организаций образования, реализующих учебные программы основного среднего образования, закончивших уровень начального образования, осуществляется по решению комиссии, создаваемой приказом руководителя организации образования, и обеспечивает доступ всех обучающихся, проживающих на территории обслуживания организации образования с учетом интересов законных представителей.

      10. Прием в пятые, шестые, седьмые, восьмые, девятые классы частных организаций образования, реализующих учебные программы основного среднего образования, осуществляется с учетом положений договора на предоставление образовательных услуг на платной основе, заключенного между организацией образования и законными представителями обучающегося в соответствии с Типовым договором оказания образовательных услуг.

4. Порядок приема в организации общего среднего образования

      11. Прием на обучение в десятые или одиннадцатые классы профильной школы осуществляется с учетом интересов, склонностей и способностей обучающихся при выборе профиля обучения на основании личного заявления обучающихся с согласия законных представителей обучающихся и наличия документа государственного образца об уровне основного среднего образования без учета территории проживания обучающихся.

      Прием заявлений начинается после вручения документа государственного образца об уровне основного среднего образования.

      12. Прием на обучение в десятые или одиннадцатые классы общеобразовательных гимназий, лицеев осуществляется в соответствии с уставом гимназии, лицея на основании личного заявления обучающихся или заявления их законных представителей и наличия документа государственного образца об уровне основного среднего образования без учета территории проживания обучающихся.

      13. Обучающимся и законным представителям обучающихся предоставляется возможность ознакомления с настоящими Правилами, уставом организации образования, лицензией на право ведения образовательной деятельности, порядком приема в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы общего среднего образования, и другими документами, регламентирующими деятельность организаций образования.

      14. В частных организациях, реализующих платные образовательные услуги, взаимоотношения с обучающимся, его законными представителями регулируются с учетом положений договора на предоставление образовательных услуг на платной основе, заключенного между организацией образования и законными представителями обучающихся в соответствии с Типовым договором оказания образовательных услуг.

      15. В случае отказа в приеме на обучение в десятый или одиннадцатый класс организации образования, реализующей общеобразовательные учебные программы общего среднего образования, выпускник организации образования и (или) его законные представители обращаются в уполномоченные органы в области образования.

5. Порядок приема в специализированные организации образования

      16. Прием на обучение в специализированные организации образования, специализированные школы для одаренных детей производится на конкурсной основе.

      17. Специализированными организациями образования устанавливаются дополнительные конкурсные туры приема на обучение. Содержание и форма проведения отбора учащихся, порядок зачисления, перевода и выпуска учащихся осуществляется в соответствии с Уставом данной организации образования.

      18. Общеобразовательные лицеи и гимназии формируют общеобразовательные классы для обеспечения получения обязательного объема знаний, определенных Государственным общеобязательным стандартом образования Республики Казахстан, для детей, проживающих на определенном микроучастке.