Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 28.03.2024 № 103 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережені анықтау туралы" № 676 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-7-129 болып тіркелген, 2011 жылы 30 желтоқсандағы № 53 "Саран газеті" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережесінде, анықталған көрсетілген шешіммен:
1) 12 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"12. Тұрғын үй көмегін тағайындау оны алуға өтініш білдірген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.";
2) 13 және 14 тармақтар алынып тасталсын;
3) 18 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4 тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қалалық мәслихатының әлеуметтік саланы дамыту және азаматтардың құқығын қорғау заңдылығының мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Сатова |
Мәслихат хатшысы | Р. Бекбанов |