Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 1 сәуірде № 6578-09 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Саран қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қалалық мәслихатының төрағасы О. Баймаганбетов

  Саран қалалық мәслихатының
2024 жылғы 28 наурыздағы
№ 103 шешіміне
1-қосымша

Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Саран қаласында және Ақтас кентінде тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелді) (бұдан әрі - Тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға арналған шығыстарды төлеу сомасы арасындағы айырма ретінде және осы мақсаттарға аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.

      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде әр адамға кемінде 15 (он бес) шаршы метр және көп дегенде 18 (он сегіз) шаршы метр пайдалы алаң, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлме мөлшеріндегі аудан нормасы қабылданады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 13.06.2024 № 126 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 тіркелді) сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не сенімхатқа, заңнамаға, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес құжаттарды ұсына отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсан ішінде жүргізіледі, бұл ретте аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы және кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйді пайдалануға жұмсалған ай сайынғы жарналардың шығыстары алдыңғы тоқсан үшін есепке алынады.

      9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап бас тарту туралы дәлелді жауап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      10. Тұрғын үй көмегін жеткізушілер ұсынған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған ай сайынғы жарналар туралы шоттар және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша көрсетіледі.

      11. Тұрғын үй көмегін тағайындау Саран қаласының бюджетінде тиісті қаржы жылына арналған көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      12. Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.

  Саран қалалық мәслихатының
2024 жылғы 28 наурыздағы
№ 103 шешіміне
2-қосымша

Саран қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Саран қалалық мәслихатының "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы ережені анықтау туралы" 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 676 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-7-129 болып тіркелді).

      2. Саран қалалық мәслихатының "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы ережені анықтау туралы" Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 676 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 53 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-7-135 болып тіркелді).

      3. Саран қалалық мәслихатының "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы ережені анықтау туралы" Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 676 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 102 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1953 болып тіркелді).

      4. Саран қалалық мәслихатының "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы ережені анықтау туралы" Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 676 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 15 ақпандағы № 158 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2224 болып тіркелді).

      5. Саран қалалық мәслихатының "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы ережені анықтау туралы" Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 676 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 30 маусымдағы № 347 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2696 болып тіркелді).

      6. Саран қалалық мәслихатының "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы ережені анықтау туралы" Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 676 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 21 маусымдағы № 293 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4844 болып тіркелді).

      7. Саран қалалық мәслихатының "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы ережені анықтау туралы" Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 676 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 29 қарашадағы № 462 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5555 болып тіркелді).

      8. Саран қалалық мәслихатының "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы ережені анықтау туралы" Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 676 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 585 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22002 болып тіркелді).

      9. Саран қалалық мәслихатының "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы ережені анықтау туралы" Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 676 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 15 маусымдағы № 32 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6436-09 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады