"Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қаңтардағы № 1/2 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 қаңтарда № 2494 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы N 18/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 25.05.2016 N 18/01 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімі орынбасарының міндетті атқарушы Е.Б. Уахитовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
А. Аглиулин

      

  Шахтинск қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 8 қаңтардағы
№ 1/2 қаулысымен
бекітілген

"Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Шахтинск қаласы аумағында құрылыс саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын ұйымдастыру-құқықтық мекеме нысанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Мемлекеттік мекемеге заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Мемлекеттік мекеме құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі: 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Казахстанская көшесi, 101.
      9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
      мемлекеттік тілде – "Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде – Государственное учреждение "Отдел строительства города Шахтинска".
      10. Осы ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Миссиясы:
      Өзіне қарасты аумақта құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу.
      14. Міндеттері:
      1) Шахтинск аймағы аумағында мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу;
      2) құрылыс қызметін жүзеге асыру кезінде жағымды өмір сүру мен тіршілік ету ортасын қамтамасыз ету, Шахтинск аймағының тұрақты дамуы.
      15. Функциялары:
      1) Шахтинск аймағы аумағында құрылыс саласында мемлекеттік басқару;
      2) қала әкіміне объектілер мен кешендердің, инженерлік-коммуникациялық тораптардың және абаттандыру объектілерінің құрылысы бойынша ұсыныстар дайындау;
      3) жобаларды мемлекеттік сараптаудың республикалық және аумақтық бөлімшелерімен, мемлекеттік сәулет-қала құрылыс инспекциясымен, лицензиялау органдарымен қала құрылысы мен құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша қарым қатынас жасау;
      4) орнатылған тәртіпте меншіктің нысанына қарамастан мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, кәсіпорындардан, лауазымды тұлғалардан Уәкілетті органға жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты алу;
      5) аймақтың инфрақұрылымдық объектілерін дамыту;
      6) қалалық, облыстық бюджет және республикалық бюджеттің ресми трансферттері есебінен жүзеге асырылатын, құрылыс жөніндегі бағдарламалар әкімшісінің (құрылыстың бірыңғай тапсырушысы) міндеттерін орындау;
      7) Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шараларды өткізу;
      8) техникалық-экономикалық негіздемелерді, жобалық-іздеушілік жұмыстарды жасауға, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй мен бюджеттік қаражаттарын несиелендіру есебінен тұрғызылатын үйлердің құрылысына, аймақтың абаттандырылуы мен дамуына және тіршілікті қамтамасыз етуші объектілердің күрделі жөндеуіне бағытталатын бюджеттік қаражатты жоспарлау мен бөлуге қатысу, қалалық бюджетті қалыптастыру кезінде ұсыныстар енгізу;
      9) атқарушы органдарының шешімі бойынша жергілікті маңызы бар объектілерді жобалау және салу бойынша конкурстардың ұйымдастырушысы болып табылады;
      10) жергілікті маңызы бар объектілердің құрылысы мен қайта құрылуына бөлінетін инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесінің тексерілуін орнатылған тәртіпте өткізілуін қамтамасыз ету;
      11) төтенше жағдайлар нәтижелерін жою жөніндегі іс-шаралар кешенін жасауға қатысу;
      12) пайдалануға берілетін, жергілікті маңызы бар объектілерді (кешендерді) заңнамамен орнатылған тәртіпте қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру;
      13) құрылымдар, ғимараттар, құрылыстар мен инженерлік коммуникацияларды салу, күрделі жөндеу, жергілікті маңызы бар аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтату жөніндегі рұқсат беру құжаттарды орнатылған тәртіпте дайындау;
      14) сыбайлас жемқорлыққа төтеп беру бойынша шаралар қолдану;
      15) бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын құрылыс үрдісіне техникалық қадағалау жүргізуді технологиялық жанамалауды қамтамасыз ету;
      16) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен анықталған өзге де өкілдіктерді жүзеге асыру.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 31.10.2014 № 32/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік мекеменің құзырлығына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды, жеке және заңды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату және алу;
      2) ақпараттық мәліметтердің барлық түрлерін пайдалануға, мемлекеттік мекеменің құзырлығына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және меншіктің барлық нысанындағы мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
      3) қала әкімдігінің және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың отырыстарына қатысу;
      4) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңымен және Қазақстан Республикасының қолданымдағы басқа да заңнамаларымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 31.10.2014 № 32/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын Шахтинск қаласы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеме жұмысының жалпы басқаруын жүзеге асырады;
      2) қала әкімдігіне мемлекеттік мекеменің ережесі мен құрылымын және олардағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;
      3) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді;
      4) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібінің ережелерін бекітеді, мемлекеттік қызмет заңнамасының орындалуын бақылайды;
      5) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      6) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
      7) шарттар жасайды;
      8) сенімхаттар береді;
      9) қызметкерлердің іс сапарлары, сынақ істері, қазақстандық және шетел оқу орталықтарында оқуы және олардың біліктіліктерін арттырудың басқа да түрлері бойынша мемлекеттік мекеме жоспарларын және тәртібін бекітеді;
      10) банктік шоттар ашады;
      11) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      12) уәкілетті органмен тағайындалатын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      13) Қазақстан Республикасы заңнамасымен орнатылған тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлерін ынталандыру шараларын қолданады және оларды тәртіптік жазаға тартады;
      14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар қабылдайды;
      15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындауға дербес жауап береді;
      16) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы ережемен және уәкілетті органмен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Мемлекеттік мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел строительства города Шахтинска"

Постановление акимата города Шахтинска Карагандинской области от 8 января 2014 года № 1/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 9 января 2014 года № 2494. Утратило силу постановлением акимата города Шахтинска Карагандинской области от 25 мая 2016 года N 18/01

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Шахтинска Карагандинской области от 25.05.2016 N 18/01.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Шахтинска ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Отдел строительства города Шахтинска".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на исполняющего обязанности заместителя акима города Шахтинска Уахитова Е.Б.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

Аким города
А. Аглиулин

      

  Утверждено
постановлением акимата
города Шахтинска
от 8 января 2014 года № 1/2

Положение
государственного учреждения
"Отдел строительства города Шахтинска"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел строительства города Шахтинска" (далее – государственное учреждение) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере строительства на территории города Шахтинска.
      2. Государственное учреждение осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: индекс: 101600, Карагандинская область, город Шахтинск, улица Казахстанская, 101.
      9. Полное наименование государственного органа:
      на государственном языке – "Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі" Мемлекеттік мекемесі;
      на русском языке - Государственное учреждение "Отдел строительства города Шахтинска".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел строительства города Шахтинска".
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения осуществляется из местного бюджета.
      12. Государственному учреждению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения.
      Если государственному учреждению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности
государственного органа

      13. Миссия:
      Государственное регулирование строительной деятельности на подведомственной территории.
      14. Задачи:
      1) проведение государственной строительной политики на территории Шахтинского региона;
      2) обеспечение благоприятной среды обитания и жизнедеятельности при осуществлении строительной деятельности, устойчивое развитие Шахтинского региона.
      15. Функции:
      1) государственное управление в области строительства на территории Шахтинского региона;
      2) подготовка предложений акиму города по строительству объектов и комплексов, инженерно-коммуникационных сетей, объектов благоустройства;
      3) взаимодействие с республиканскими и территориальными подразделениями государственной экспертизы проектов, государственной архитектурно-градостроительной инспекции, органами лицензирования по вопросам защиты государственных, общественных и частных интересов в сфере градостроительной и строительной деятельности;
      4) получение в установленном порядке от государственных органов, организаций, предприятий, должностных лиц не зависимо от форм собственности информации, необходимой для выполнения возложенных на Уполномоченный орган функций;
      5) развитие объектов инфраструктуры региона;
      6) выполнение функций администратора программ по строительству (единого заказчика строительства), осуществляемого за счет средств городского, областного и официальных трансфертов из республиканского бюджетов;
      7) проведение мероприятий за счет чрезвычайного резерва Правительства Республики Казахстан и местного исполнительного органа для ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, мероприятий за счет резерва Правительства Республики Казахстан и местного исполнительного органа на неотложные затраты;
      8) участие в планировании и распределении бюджетных средств, внесение предложений при формировании городского бюджета на разработку технико-экономических обоснований, проектно-изыскательских работ, строительство государственного коммунального жилья и жилья за счет кредитования бюджетных средств, на развитие благоустройства региона и капитальный ремонт объектов жизнеобеспечения;
      9) является организатором конкурсов по проектированию и строительству объектов местного значения по решению исполнительных органов;
      10) обеспечение проведения в установленном порядке проверки технико-экономических обоснований инвестиций на строительство и реконструкцию объектов местного значения;
      11) участие в разработке комплекса мероприятий по ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций;
      12) организация работ по приемке, в установленном законодательством порядке, объектов (комплексов) местного значения, вводимых в эксплуатацию;
      13) подготовка в установленном порядке разрешительных документов по строительству, капитальному ремонту строений, зданий, сооружений и инженерных коммуникаций, консервации строительства незавершенных объектов местного значения;
      14) принимает меры по противодействию коррупции;
      15) обеспечение технического надзора и технологического сопровождения процесса строительства, осуществляемого за счет бюджетных средств;
      16) исполнение иных полномочий, определенных Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе", иными законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 15 с изменениями, внесенными постановлением акимата города Шахтинска Карагандинской области от 31.10.2014 N 32/4 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      16. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать от государственных органов, организаций, финансируемых из государственного бюджета необходимую информацию, документы, иные материалы, устные и письменные объяснения от физических и юридических лиц по вопросам, отнесенным к компетенции государственного учреждения;
      2) пользоваться всеми видами информационных данных, вести служебную переписку с государственными органами, организациями и негосударственными организациями всех форм собственности по вопросам, отнесенным к ведению государственного учреждения;
      3) участвовать в заседаниях акимата города и исполнительных органов, финансируемых из государственного бюджета;
      4) имеет иные права и обязанности, предусмотренные Законом Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" и другим действующим законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 16 с изменениями, внесенными постановлением акимата города Шахтинска Карагандинской области от 31.10.2014 N 32/4 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственным учреждением осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель государственного учреждения назначается на должность и освобождается от должности акимом города Шахтинска в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      19. Полномочия первого руководителя государственного учреждения:
      1) осуществляет общее руководство работой государственного учреждения;
      2) представляет на утверждение акимата города Положение и структуру государственного учреждения, а также изменения в них;
      3) утверждает должностные инструкции работников государственного учреждения;
      4) утверждает правила внутреннего трудового распорядка в государственном учреждении, контролирует исполнение законодательства о государственной службе.
      5) без доверенности действует от имени государственного учреждения;
      6) представляет интересы государственного учреждения в государственных органах, иных организациях;
      7) заключает договоры;
      8) выдает доверенности;
      9) утверждает порядок и планы государственного учреждения по командировкам, стажировкам, обучению сотрудников в казахстанских и зарубежных учебных центрах и иным видам повышения квалификации сотрудников;
      10) открывает банковские счета;
      11) издает приказы и дает указания, обязательные для всех работников;
      12) принимает на работу и увольняет с работы сотрудников государственного учреждения, кроме сотрудников, назначаемых уполномоченным органом;
      13) применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников государственного учреждения, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      14) принимает меры по противодействию коррупции;
      15) несет персональную ответственность за исполнение антикоррупционного законодательства;
      16) осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством Республики Казахстан, настоящим Положением и уполномоченным органом.

4. Имущество государственного органа

      20. Государственное учреждение может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      21. Имущество, закрепленное за государственным учреждением, относится к коммунальной собственности.
      22. Государственное учреждение не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение государственного учреждения осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.