"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шахтинск қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгертулер енгізілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Аглиулин |
| Шахтинск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 32/4 қаулысына қосымша |
Шахтинск қаласы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгертулер
1. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 36/1 "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2485 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 20 ақпанда, 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 2 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған):"Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
Ереженің атауы келесі редакцияда баяндалсын:
"Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі";
2 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.";
13 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"13. Мемлекеттік мекеме қызметтері болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға енуге тыйым салынады.";
17 тармақтағы:
33) тармақша келесі редакцияда баяндалсын:
"33) аудандық коммуналдық мүлікті сенімді басқару шарты бойынша міндеттердің сенімді басқарушылармен орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;";
38) тармақша келесі редакцияда баяндалсын:
"38) сәйкес саладағы уәкілетті органның келісімі бойынша аудандық коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті тартып алуды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;";
41) тармақша келесі редакцияда баяндалсын:
"41) сәйкес саладағы уәкілетті органға аудандық коммуналдық заңды тұлғаны қайта құру және таратуды жүзеге асыруға келісім береді;";
28 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"28. Мемлекеттік мекемені қаржыландыру мемлекеттік бюджет есебінен ғана жүзеге асырылады, егер заңнамада өзгеше орнатылмаса.".
2. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қаңтардағы № 1/1 "Шахтинск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2493 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 21 қаңтарда, 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 4 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған):
"Шахтинск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
13 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"13. Миссиясы:
Өзіне қарасты аумақта сәулет және қала құрылысы қызметін мемлекеттік реттеу. Қала аумағында мемлекеттік сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізу, қала құрылысы бағдарламалары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру процесінде оның сәулеттік бейнесін жақсарту, сонымен бірге қолданыстағы қала құрылыстық жобаларды түзетуге және жаңасын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.";
15 тармақта:
2), 3), 4) тармақшалар келесі редакцияда баяндалсын:
"2) қала және қала маңындағы аймақты қала құрылыстық игеру кезінде сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңнама, мемлекеттік нормативтер және заңнамамен орнатылған тәртіпте бекітілген сәулет және қала құрылыстық жобалық құжаттама нормаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
3) сәулет және қала құрылысы жобаларының бекітілген құжаттамаға сәйкес іске асырылуын, тәртіптің және құрылыс салудың қала ережелерінің сақталуын қадағалау;
4) жобаларды мемлекеттік сараптаудың республикалық және аумақтық бөлімшелерімен, мемлекеттік сәулет-қала құрылыс инспекциясымен, лицензиялау органдарымен қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша қарым қатынас жасау;";
16 тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
"4) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңымен және Қазақстан Республикасының қолданымдағы басқа да заңнамаларымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.".
3. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қаңтардағы № 1/2 "Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2494 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 21 қаңтарда, 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 4 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған):
"Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15 тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
"8) техникалық-экономикалық негіздемелерді, жобалық-іздеушілік жұмыстарды жасауға, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй мен бюджеттік қаражаттарын несиелендіру есебінен тұрғызылатын үйлердің құрылысына, аймақтың абаттандырылуы мен дамуына және тіршілікті қамтамасыз етуші объектілердің күрделі жөндеуіне бағытталатын бюджеттік қаражатты жоспарлау мен бөлуге қатысу, қалалық бюджетті қалыптастыру кезінде ұсыныстар енгізу;";
16 тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
"4) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңымен және Қазақстан Республикасының қолданымдағы басқа да заңнамаларымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.".
4. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 20/3 "Шахтинск қаласы әкімдігінің "2014 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2014 жылғы 14 қаңтардағы № 2/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2689 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 29 шілдеде, 2014 жылғы 1 тамыздағы № 30 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған):
көрсетілген қаулыға қоса берілген 2014 жылда қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізімінде:
2 бағанда:
37 жол келесі редакцияда баяндалсын:
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті" мемлекеттік мекемесі".