Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 15/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 мамырда № 2640 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 11/06 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 13.04.2016 № 11/06 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі" Кодексінің 18 және 238 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық бюджеттің қаражаты есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар және тарифтік ставкалар алуға құқылы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Н. Кобжанов
Келісілді
 
Бұқар жырау аудандық
 
мәслихатының хатшысы
 
А.Ж. Жүніспеков
 

      
      22 сәуір 2014 жыл

  Бұқар жырау аудан әкімдігінің
2014 жылғы 22 сәуірдегі
№ 15/01 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының (оның ішінде бірінші) орынбасары, бөлім, зертхана басшысы, дәріхана меңгерушісі;
      2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандық дәрігерлері, акушер, тіс технигі, медбике, медициналық зертханашы, провизор, психолог, рентген зертханашысы, күтім бойынша әлеуметтік қызметкер, фармацевт, фельдшер, фельдшер-зертханашы, оптик-офтальмолог, оптикометрист, медбике көмекшісі, зертханашы (оның ішінде зертханашы – бактериолог, лаборант – паразитолог, санитарлық – гигиеналық зертхананың зертханашысы).
      2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) бөлімше жетекшілері, оның ішінде: бөлім меңгерушісі;
      2) мамандары (бас, аға), оның ішінде: әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші, әлеуметтік жұмыс бойынша маман, күтім бойынша әлеуметтік қызметкер.
      3. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) басшы, басшының орынбасары (оның ішінде мектеп, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің директоры, оқу ісінің және тәрбие ісінің меңгерушілері), әдістемелік кабинеттің меңгерушісі;
      2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандық мұғалімдері (оның ішінде: дефектолог мұғалім, логопед, бастапқы әскери дайындық мұғалімі, қосымша білім беру педагогы, әлеуметтік педагог), әдіскер, психолог, медбике, аға вожатый, вожатый, тәрбиеші, музыка маманы, шығармашылық студия үйірмесінің басшысы, зертханашы, тәрбиешінің көмекшісі, инженер-программист, кітапханашы, аға вожатый, өндірістік оқыту шебері, музыка жетекшісі, нұсқаушы (оның ішінде балалармен жұмыс, еңбек және өндірістік оқыту бойынша).
      4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) мәдениет қазыналық мекемесінің басшысы және басшының орынбасары, мұражай директоры, аудандық кітапхана директоры, клуб меңгерушісі, жинақтау және өңдеу бөлімінің меңгерушісі, қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі;
      2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: әдіскер (оның ішінде кітапханаларды дамыту бөлімінің), барлық атаулы суретшілер, шығармашылық жетекші, кітапханашы, аға библиограф, экскурсия жетекшісі, өлкетану бөлімінің редакторы, режиссер, мұражай қараушысы, қоюшы-оператор, желілік киноаппаратура және дыбыс жазу операторы, дыбыс режиссері, хореограф, үйірме жетекшісі, солист, музыкалық жетекші, дирижер (оның ішінде оркестр жетекшісі), концертмейстер, инструктор, клуб меңгерушісі, инспектор, мәдени ұйымдастырушы, аккомпаниатор, балетмейстер, хормейстер, қорлардың, экспонаттардың құндылығын сақтаушы.
      5. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) бөлімше жетекшілері, оның ішінде: балалар – жасөспірімдердің спорт мектебінің директоры;
      2) барлық мамандық жаттықтырушылары.
      6. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1) бөлімше жетекшілері, оның ішінде: мемлекеттік кәсіпорынның директоры және орынбасары;
      2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: мал дәрігерлері (оның ішінде: дәрігер-терапевт, дәрігер-эпизоотолог, мобильдік топтың дәрігері, дәрігер-паразитолог, дәрігер-гинеколог), мобильді топтың ветеринарлық фельдшері, бас мал дәрігері, ветеринарлық фельдшер (оның ішінде ауылдық округтерде).

Об определении Перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Постановление акимата Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 22 апреля 2014 года № 15/01. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 16 мая 2014 года № 2640. Утратило силу постановлением акимата Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 13 апреля 2016 года № 11/06

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 13.04.2016 № 11/06 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В соответствии со статьями 18 и 238 Кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года "Трудовой кодекс Республики Казахстан" и с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить перечень должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности и имеющих право на повышенные должностные оклады и тарифные ставки не менее чем на двадцать пять процентов, за счет средств районного бюджета согласно приложения к настоящему постановлению.
      2. Контроль за выполнением постановления возложить на заместителя акима района Әли Асхат Сағадиұлы.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

Аким района
Н. Кобжанов
Согласовано
 
Секретарь Бухар-Жырауского
 
районного маслихата
 
Джунуспеков А.Ж
 

      
      22 апреля 2014 год

  Приложение
к постановлению акимата
Бухар-Жырауского района
от 22 апреля 2014 года № 15/01

Перечень
должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

      1. Должности специалистов здравоохранения:
      1) руководитель и заместитель (в том числе первый) руководителя государственного учреждения и казенного предприятия, руководитель отделения, лаборатории, заведующий аптекой;
      2) специалисты (главные, старшие), в том числе: врачи всех специальностей, акушер, зубной техник, медицинская сестра, медицинский лаборант, провизор, психолог, рентгенолаборант, социальный работник по уходу, фармацевт, фельдшер, фельдшер-лаборант, оптик-офтальмолог, оптикометрист, помощник медицинской сестры, лаборант (в том числе лаборант – бактериолог, лаборант – паразитолог, лаборант санитарно – гигиенической лаборатории).
      2. Должности специалистов социального обеспечения:
      1) руководители подразделений, в том числе: заведующий отделом;
      2) специалисты (главные, старшие), в том числе: консультант по социальной работе, специалист по социальной работе, социальный работник по уходу.
      3. Должности специалистов образования:
      1) руководитель, заместитель руководителя (в том числе: директор школы, дошкольного государственного учреждения, завучи по учебной и воспитательной работе), заведующий методическим кабинетом;
      2) специалисты (главные, старшие), в том числе: учителя всех специальностей (в том числе: учитель дефектолог, логопед, учитель начальной военной подготовки, педагог дополнительного образования, социальный педагог), методист, психолог, медицинская сестра, старший вожатый, вожатый, воспитатель, музыкальный работник, руководитель кружка художественной студии, лаборант, помощник воспитателя, инженер-программист, библиотекарь, старший вожатый, мастер производственного обучения, музыкальный руководитель, инструктор (в том числе по работе с детьми, по труду и производственному обучению).
      4. Должности специалистов культуры:
      1) руководитель и заместитель руководителя казенного предприятия культуры, директор музея, директор районной библиотеки, заведующая клубом, заведующая сектором комплектования и обработки, заведующая сектором обслуживания;
      2) специалисты (главные, старшие), в том числе: методист (в том числе отдела развития библиотек), художники всех наименований, художественный руководитель, библиотекарь, старший библиограф, экскурсовод, редактор отдела краеведения, режиссер, музейный смотритель, оператор-постановщик, оператор звукозаписи и световой киноаппаратуры, звукорежиссер, хореограф, руководитель кружка, солист, музыкальный руководитель, дирижер (в том числе руководитель оркестра), концертмейстер, инструктор, заведующий клубом, инспектор, культорганизатор, аккомпаниатор, балетмейстер, хормейстер, хранитель ценностей фондов, экспонатов.
      5. Должности специалистов спорта:
      1) руководители подразделений, в том числе: директор детско-юношеской спортивной школы;
      2) тренера всех специальностей.
      6. Должности специалистов ветеринарии:
      1) руководители подразделений, в том числе: директор и заместитель государственного предприятия;
      2) специалисты (главные, старшие), в том числе: ветеринарные врачи в том числе: (врач-терапевт, врач-эпизоотолог, врач мобильной группы, врач-паразитолог, врач-гинеколог), ветеринарный фельдшер мобильной группы, главный ветеринарный врач, ветеринарный фельдшер (в том числе в сельских округах).