Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 5) тармақшасының және 20 бабының 5 тармағы 2) тармақшасының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын іске асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері, қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2. "Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н.Г. Алексеева):
1) қоғамдық жұмыстар өткізуге аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде бекітілген тізбеге сәйкес, жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа жіберуді жүзеге асырсын;
2) қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздардың еңбекақысы жергілікті бюджет қаражатынан, жұмыспен өтілген уақытына екінші деңгейлі банктерде енгізу жолымен жұмыссыздардың жеке шотына төленсін;
3) қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздардың еңбекақысы ең төменгі бір жалақы мөлшерінде төленсін;
4) қоғамдық жұмыстарға жіберілген бір жұмыссыздың жұмыс уақытының ұзақтығы - аптасына 40 сағаттан аспауы, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген шектеулер ескеріліп, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен екі демалыс күні бекітілсін.
3. "Бұқар жырау ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.К. Аймагамбетова) қоғамдық жұмыстарға жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбекақысына ақшалай қаражатты уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Руслан Есенбекович Нурмуханбетовке жүктелсін
Ескерту.4-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 28.08.2015 № 35/07 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға таралады.
Бұқар жырау ауданының әкімі | Н. Қобжанов |
| Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 42/01 қаулысымен бекітілген |
Жұмыссыздарға ұйымдастырылатын 2015 жылға арналған қоғамдық жұмыс көлемдері мен түрлері, ұйымдардың тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 28.08.2015 № 35/07 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Р/с | Ұйымдар және мекемелердің атауы | Адам саны | ҚЖ қызмет түрлері | Қатысу мерзімі (ай) | Жұмыс көлемі |
1 | "Қазақстан Республикасының еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының филиалы | 3 | Ағымдағы және ұзақ уақыт сақталатын зейнетақы және жеке істерді сканерлеуге және өңдеуге көмек. | 4 | 14000 іс |
2 | "Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 22 | Жалғыз басты мүгедектерге және қарт азаматтарға үйінде әлеуметтік қызмет көрсетуге көмек. Электрондық автоматтандырылған ақпараттық жүйе базасында құжат айналымын жүргізуде көмек. | 4 | 75 адам 4000 мың дана |
3 | "Бұқар жырау аудандық жастармен жұмыс жасау орталығы" мемлекеттік мекемесі | 1 | Жастар және жасөспірімдермен жұмыс ұйымдастыруға көмек. | 4 | 7000 адам |
4 | "Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 4 | Шақыру қағаздарын жеткізуге, Қарулы Күштер қатарына шақыру бойынша халықпен жұмыс жүргізуге көмек. | 4 | 3500 адам |
5 | "Бұқар жырау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы" мемлекеттік мекемесі | 10 | Халықпен жұмысқа, мүлікке, көлік құралдарына салық төлеу жөніндегі хабарламалар мен квитанцияларды жеткізуге көмек. | 4 | 10000 дана |
6 | "Бұқар жырау ауданының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі | 6 | Оралмандарды тіркеу және құжаттандыру үшін қажетті құжаттарды жинауға және рәсімдеуге, көлік құралдарын есепке алу картотекасын жүргізуге, құжаттандыру номенклатурасын ресімдеуге көмек, құжаттармен жұмысқа көмектесу. | 4 | 6000 дана |
7 | "Бұқар жырау ауданының Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі | 4 | Әділет органдарында құжаттарды өңдеу бойынша жұмысқа көмек. | 4 | 18000 дана |
8 | "Бұқар жырау ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 2 | "Мекенжай регистрі" электрондық базасын жүргізуге көмек. | 4 | 3000 дана |
9 | "Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 6 | Құжат айналымын, автоматтандырылған ақпараттық жүйе электрондық базасын жүргізуге көмек. | 4 | 2000 дана |
10 | "Бұқар жырау ауданының прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі | 2 | Құжат айналымын, кіріс және шығыс корреспонденцияларын жүргізуге көмек. | 4 | 2000 дана |
11 | Бұқар жырау ауданының кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдері аппараттары мемлекеттік мекемелері | 320 | Мемлекеттік балалар жәрдемақысын, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға және басқа да әлеуметтік көмек түрлеріне қажетті құжаттар пакетін қалыптастыруға, кент және ауылдарды көгалдандыруға және абаттандыруға көмек. | 4 | 8000 іс |
12 | "Бұқар жырау ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі. | 2 | Құжаттарды өңдеу, электрондық базаны жүргізуге көмек. | 4 | 2000 іс |
13 | "Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 2 | Кадастрлық материалдарды қалыптастыруға көмек. | 4 | 2000 дана |
14 | "Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 2 | Құжаттармен жұмысқа көмектесу. | 4 | 1400 іс |
15 | "Бұқар жырау ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 2 | Тұрғын үй инспекциясының жұмысына көмек. | 4 | 700 іс |
16 | "Бұқар жырау ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 2 | Құжаттарды өңдеуге, электрондық базаны жүргізуге көмек. | 4 | 2000 іс |
17 | "Бұқар жырау ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 2 | Құжаттарды өңдеуге, электрондық базаны жүргізуге көмек. | 4 | 1200 іс |
18 | "Бұқар жырау аудандық соты" мемлекеттік мекемесі | 2 | Құжаттарды көбейту және таратуға, хаттар мен шақыру қағаздарды жеткізуге, құжаттарды өңдеу бойынша жұмысты жүзеге асыруға көмек. | 4 | 1200 іс |
19 | "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды филиалының Бұқар жырау аудандық бөлімшесі | 2 | Құжаттарды өңдеуге, электрондық базаны жүргізуге көмек. | 4 | 800 іс |
20 | "Бұқар жырау ауданының Статистика басқармасы" мемлекеттік мекемесі | 2 | Өсімдік және мал шаруашылығы бойынша шаруашылық кітабі бойынша есептердің деректерін салыстыруға көмек. | 4 | 3500 іс |
21 | "Бұқар жырау аудандық Қазнашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі | 2 | Мұрағаттық құжаттарды өңдеуге көмек. | 4 | 1500 іс |
22 | "Бұқар жырау ауданы мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі | 2 | Мұрағаттық құжаттарды өңдеуге көмек. | 4 | 5000 іс |
23 | "Жылжымайтын мүлік орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Бұқар жырау филиалы | 2 | Электрондық деректер базасын техникалық өңдеуге көмек. | 4 | 1500 іс |
24 | "Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 2 | Құжаттарды өңдеуге, электрондық базаны жүргізуге көмек. | 4 | 1200 дана |
25 | "Казпочта" акционерлік қоғамының Қарағанды облысындағы филиалының Бұқар жырау аудандық пошта торабы | 4 | Поштаны жеткізу. | 4 | 10000 дана |
26 | "Бұқар-жырау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 2 | Құжаттарды өңдеуге, электрондық базаны жүргізуге көмек. | 4 | 600 іс |