Бұқар жырау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 15/08 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бұқар жырау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Айганым Жолшоровна Акпановаға жүктелсін.
      Аудан әкімі Н. Кобжанов

  Бұқар жырау аудан әкімдігінің қаулысына қосымша
2016 жылғы 25 мамырдағы № 15/08

Бұқар жырау ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының

      1. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 07/01 "Интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2567 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі, 2015 жылғы 5 сәуірдегі "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған);
      2. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 07/02 "Бұқар жырау ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2569 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі, 2015 жылғы 5 сәуірдегі "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған);
      3. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 07/03 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2568 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі, 2014 жылғы 5 сәуірдегі "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған);
      4. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 42/01 "Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2823 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 желтоқсандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі, 2014 жылғы 28 қарашадағы "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған);
      5. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 35/07 "Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 42/01 "Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3405 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі, 2015 жылғы 10 қыркүйектегі "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған);
      6. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 45/01 "Ауданда 2016 жылға халықтың нысаналы топтары және оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша қосымша шаралар туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3557 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 желтоқсандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі, 2015 жылғы 26 желтоқсандағы "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады