Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Нұра ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2014 жылдың 1 сәуіріне дейін Нұра ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1997 жылы туған ер азаматтарды тіркеу ұйымдастырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Нұра ауданы әкімі аппаратының басшысы Салтанат Аққошқарқызы Мұқановаға жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Бексұлтанов
КЕЛІСІЛДІ
Нұра ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
Қ.Ш. Жолболдин
2014 жылғы 6 ақпан