Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 26.09.2024 № 25/241 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 8 бабының 2 тармағымен, сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 қарашадағы "Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы Осакаров ауданының жерлерін салық салу мақсаттары үшін жерді аймақтандыру сызбасын бекіту туралы" № 86 шешіміне келесі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-15-94 болып тіркелген, 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 52 (7120) "Сельский труженик" газетінде жарияланған) келесі қосымша енгізілсін:
орыс тіліндегі шешімінің тақырыбында және 1 тармағында "зонирования земель" сөздерінен кейін ", поправочные коэффициенты к базовым ставкам земельного налога" сөздерімен толықтырылсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің тақырыбында "сызбасын" сөзінен кейін ", жер салығының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициентін" сөздерімен толықтырылсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің 1 тармағында "сызбасы" сөзінен кейін ", жер салығының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенті" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатың бюджет және ауданның әлеуметтік экономикалық бойынша тұрақты комиссиясына (В.К. Эммерих) жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
Аудан мәслихатының хатшысы | К. Саккулаков |
КЕЛІСІЛДІ | |
Осакаров ауданы бойынша | |
салық басқармасының басшысы | А. Орынбеков |
20 тамыз 2014 жыл | |
Осакаров ауданының жер | |
қатынастары бөлімінің басшысы | Ю. Моторин |
20 тамыз 2014 жыл