"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы | К. Саккулаков |
Осакаров аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 25/241 шешіміне қосымша |
Аудандық мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының "Жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері мен жер учаскелеріне салынатын базалық ставкаларың түзету коэффициенттері және Осакаровка, Молодежный кенттерің аймақтандыру сызбасын бекіту туралы" 2005 жылғы 12 қантардағы № 92 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1739 болып тіркелген).
2. Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының "Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы Осакаров ауданының жерлерін салық салу мақсаттары үшін аймақтандыру сызбасын, жер салығының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициентін бекіту туралы" 2008 жылғы 19 қарашадағы № 86 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-15-94 болып тіркелген).
3. Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының "Осакаров аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 қарашадағы "Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы Осакаров ауданының жерлерін салық салу мақсаттары үшін аймақтандыру сызбасын бекіту туралы" № 86 шешіміне қосымша енгізу туралы" 2014 жылғы 20 тамыздағы № 358 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2749 болып тіркелген).