Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 28.06.2024 № 132 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ұлытау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 19 "Ұлытау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-16-81 болып тіркелген, 2012 жылғы 9 мамырдағы № 18 (5838) "Ұлытау өңірі" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген ереженің 18-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Ұ. Қожасова |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Т. Сейтжанов |