РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:
1. Ұлытау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 шілдедегі № 113 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2381 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 тамыздағы № 30 (5902) "Ұлытау өңірі" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларының 7-тармағының екінші бөлігі алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрайымы | Ұ. Қожасова |
Аудандықмәслихаттың
хатшысы Т. Сейтжанов