РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабының 4-1 тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығының 2 тармағына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Приозерск қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі – Ереже) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Приозерск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 07/53 "Приозерск қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
Ескерту. Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 28.02.2013 № 07/53 қаулысы РҚАО-ға түскен жоқ.
3. "Приозерск қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж. Есенжолов) Қарағанды облысының Әділет департаментінде Ереженің тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау әкім аппаратының басшысы Н.А. Стамқұлға жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қала әкімі | Қ. Камзин |
Приозерск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы № 2/1 қаулысымен бекітілген |
"Приозерск қаласының құрылыс бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Приозерск қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Мекеме құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Балқаш көшесі, 5.
9. Толық атауы-
мемлекеттік тілде: "Приозерск қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел строительства города Приозерск".
10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мекеме қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Мекеменің миссиясы: құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.14. Міндеттері:
1) жергілікті деңгейдегі құрылыс саласындағы қызметті үйлестіру;
2) қала аумағында орналасқан меншігіне тәуелсіз кәсіпорындары мен ұйымдарының энергетикалық кешенінің қызметін үйлестіру;
3) республикалық "Ақ бұлақ" бағдарламасын жүзеге асыру;
4) өз құзыретінің шегінде, инженерлік инфрақұрылым және басқа да нысандарды салу мен пайдалануға, мемлекеттік бақылау жасау мәселелеріне байланысты нормативтік-құқықтық актілердің сақталуына бақылау жасау;
5) мемлекеттік тапсырыстарға сәйкес инженерлік инфрақұрылым нысандарын салу, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру.
15. Функциялары:
1) өз құзіреттері шегінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағдарламаларын әзірлеуге және оларды жүзеге асыруға қатысу;
2) жетекшілік жасайтын саладағы құрылымдық басымдықтарды, құрылымдық реформаларды қаржыландыру көздері мен оны жүзеге асыру тетіктерін анықтау;
3) бірыңғай тапсырыс беруші ретінде, тұрғын үй, инженерлік инфрақұрылым, қайта жаңғырту және күрделі жөндеуге қатысты бюджеттік бағдарламалар әкімгершілігі міндетін атқару;
4) бюджет қаржысы есебінен, инженерлік инфраструктура, сыртқы көркейту, құрылыс салу мен оларды қайта жаңғырту жұмыстарына салынған күрделі қаржылардың орынды жұмсалуына басшылық жасау және бақылау;
5) қалалық бюджетті қалыптастыру кезінде инженерлік инфраструктура объектілірінің құрылысы (қайта жаңғырту), жобалау-іздестіру жұмыстарына жұмсалатын бюджеттік қаржыларды жоспарлауға және бөлуге қатысу;
6) құрылыс заңнамаларын сақтау, жаңа құрылыс және бар объектілерді өзгертудегі шешуші рәсімдерді бақылауды жүргізу.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) меншік түріне қарамастан белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан Мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға;
2) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдарға, меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарға жекелеген мәселелерді шешу жөніндегі материалдар әзірлеуді тапсыруға, өзіне тапсырылған функцияларға сәйкес мекеме жүргізіп жатқан шараларды жүзеге асыруға олардың басшыларының келісімімен басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметшілерін тарту туралы ұсыныстармен кіруге;
3) егер бюджет қаржысын игеруге байланысты шаралар, құрылыс жұмыстары қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізетіндігі анықталса ол жұмыстарды тоқтату жөнінде тиісті орындарға ұсыныспен шығуға;
4) белгіленген тәртіпте Мекеме жанынан мамандардан құралған кеңесшілік, сараптамалық топтар құруға;
5) қала әкімі мен қалалық мәслихаттың қарауына олардың құзыретіне жататын мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
6) бекітілген жобадан ауытқумен, құрылыс нормалары мен ережелерін (ҚНмЕ), техникалық талаптарды (ТТ) бұза отырып жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұруға және жіберілген кемшіліктерді жоюды талап етуге;
7) көшелерді абаттандыру нысандарын салушы, қайта жабдықтаушы және күрделі жөндеуден өткізуші мердігерлермен арадағы тендерлік келісім-шарт талаптарының сақталуын қадағалауға құқылы.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. Мекемеге басшылықты Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. Мекеменің бірінші басшысы Приозерск қаласының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және оның әрі қарай іске асырылуына дербес жауапты болады;
3) заңнамаға сәйкес бөлім мамандарын тағайындайды және лауазымынан босатады;
4) бекітілген заңнамалар тәртіппен әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қатарына жататын қызметкерлердің бос лауазымына конкурс жариялайды, бөлім қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік жазаға тарту туралы бұйрықтар шығарады;
5) бөлімді басқа мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда көрсетеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттілікті жүргізеді.
Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Мекеме бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.