Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы XXХIV сессиясының № 34/239 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 шілдеде № 2680 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 8 маусымдағы № 5/38 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 08.06.2023 № 5/38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар мүгедектер қатарындағы кемтар әр балаға тоқсан сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.

      2. Келесі тәртіп айқындалсын:

      1) үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;

      2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;

      3) шығындарды өтеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Шығындарды өтеу тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектер қатарындағы кемтар баланың 18 жасқа толуы, қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік–мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 23.12.2014 N 39/281 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Ж. Әбдімүтәліпов

Маслихат хатшысы

Б. Сәрсембеков


О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Решение XXXIV сессии Приозерского городского маслихата Карагандинской области от 25 июня 2014 года № 34/239. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 11 июля 2014 года № 2680. Утратило силу решением Приозерского городского маслихата Карагандинской области от 8 июня 2023 года № 5/38

      Сноска. Утратило cилу решением Приозерского городского маслихата Карагандинской области от 08.06.2023 № 5/38 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Возместить затраты на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в размере четырех месячных расчетных показателей в квартал на каждого ребенка с ограниченными возможностями из числа инвалидов.

      2. Определить следующий порядок:

      1) возмещение затрат на обучение на дому (кроме детей-инвалидов находящихся на полном государственном обеспечении и детей-инвалидов, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей и иным законным представителям детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов, независимо от дохода семьи;

      2) возмещение затрат предоставляется с месяца обращения до окончания срока, установленного в заключении межведомственной психолого-медико-педагогической консультации при государственном учреждении "Управление образования Карагандинской области";

      3) возмещение затрат производится за истекший месяц по мере поступления финансирования. При наличии обстоятельств, повлекших прекращение возмещение затрат (достижение возраста 18 лет, смерть ребенка с ограниченными возможностями из числа инвалидов, снятие инвалидности), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию городского маслихата по социально-культурному развитию и социальной защите населения.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии Ж. Абдимуталипов
      Секретарь маслихата Б. Сарсембеков