Приозерск қаласында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 8 маусымдағы № 5/38 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 12 маусымда № 6429-09 болып тіркелді.

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 30.11.2023 № 11/65 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Приозерск қаласында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері айқындалсын.

      2. Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы №34/239 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2680 нөмірімен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Исатаев

  Приозерск қалалық мәслихатының
2023 жылғы 8 маусымдағы
№ 5/38
шешіміне қосымша

Приозерск қаласында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

      1. Осы Приозерск қаласында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген, "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасына сәйкес әзірленді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 22394 болып тіркелген) (бұдан әрі-шығындарды өтеу Қағидалары).

      2. Жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі – оқуға жұмсалған шығындарды өтеуді) "Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан алынған анықтама негізінде жүргізеді.

      3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі мүгедектігі бар балалардан және ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан, мүгедектігі бар балалардың ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Үйде оқу шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      5. Оқу шығындарын өтеу қаржыландырудың түсуіне қарай өткен айға жүргізіледі. Оқуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуына, мүгедектік мерзімінің аяқталуына, мүгедектігі бар баланы мемлекеттік мекемелерде оқыту кезеңінде, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуына, Приозерск қаласының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға көшу) әкеп соққан мән-жайлар туындаған кезде төлем келесі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Оқу шығындарын өтеу мөлшері мүгедектігі бар әрбір балаға тоқсанына алты айлық есептік көрсеткішке тең.

      7. Оқу шығындарын өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте қандастар жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігін ұсынады.

      8. Оқу шығындарын өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасында көзделген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады