«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына, «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4539 тіркелген, «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2013 жылғы 23 қарашада жарияланған) Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 334 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік
инспекция комитетінің Қызылорда
облыстық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Б. Нұртазаев
2014 жылғы «25» маусым
Қызылорда облысы әкімдігінің
2014 жылғы «25» маусымдағы
№ 623 қаулысына қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің
2013 жылғы 23 қазандағы
№ 334 қаулысына қосымша
Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы
р/с |
Аудандар, қала |
Барлық залалданғаны, гектар |
Оның ішінде карантиндік объектілердің түрлері бойынша, гектар |
|||
жатаған у кекіре |
арамсояу |
калифорниялық қалқаншалы сымыр |
қауын шыбыны |
|||
1 |
Арал ауданы |
70,5 |
67 |
3,5 |
- |
- |
2 |
Қазалы ауданы |
232 |
64 |
55 |
31 |
82 |
3 |
Қармақшы ауданы |
329,8 |
62,5 |
112,3 |
11 |
144 |
4 |
Жалағаш ауданы |
399,25 |
82 |
90,2 |
17,05 |
210 |
5 |
Сырдария ауданы |
450,5 |
72 |
103,5 |
21 |
254 |
6 |
Шиелі ауданы |
1005,2 |
146 |
139,2 |
10 |
710 |
7 |
Жаңақорған ауданы |
1058,8 |
181 |
183,8 |
37 |
657 |
8 |
Қызылорда қаласы |
58,25 |
18 |
12 |
10,25 |
18 |
Барлығы |
3604,3 |
692,5 |
699,5 |
137,3 |
2075 |