"Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы N 334 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы N 623 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 шілдеде N 4721 болып тіркелді

      «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына, «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4539 тіркелген, «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2013 жылғы 23 қарашада  жарияланған) Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 334 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі                 Қ. Көшербаев

      КЕЛІСІЛДІ

      «Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік
      инспекция комитетінің Қызылорда
      облыстық аумақтық инспекциясы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ______________ Б. Нұртазаев
      2014 жылғы «25» маусым

      Қызылорда облысы әкімдігінің
      2014 жылғы «25» маусымдағы
      № 623 қаулысына қосымша

      Қызылорда облысы әкімдігінің
      2013 жылғы 23 қазандағы
      № 334 қаулысына қосымша

       Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы

р/с

Аудандар, қала

Барлық залалданғаны, гектар

Оның ішінде карантиндік объектілердің түрлері бойынша, гектар

жатаған у кекіре

арамсояу

калифорниялық қалқаншалы сымыр

қауын шыбыны

1

Арал ауданы

70,5

67

3,5

-

-

2

Қазалы ауданы

232

64

55

31

82

3

Қармақшы ауданы

329,8

62,5

112,3

11

144

4

Жалағаш ауданы

399,25

82

90,2

17,05

210

5

Сырдария ауданы

450,5

72

103,5

21

254

6

Шиелі ауданы

1005,2

146

139,2

10

710

7

Жаңақорған ауданы

1058,8

181

183,8

37

657

8

Қызылорда қаласы

58,25

18

12

10,25

18

Барлығы

3604,3

692,5

699,5

137,3

2075

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады