Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық әкімдігінің 29.12.2014 N 806 қаулысымен.
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидия нормалары;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидия нормалары белгіленсін.
2.
«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3.
Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
4.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі |
Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің |
Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидия нормалары
|
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері |
Өлшем бірлігі |
Бір өлшем бірлігінің құнын арзандату пайызы |
Бір бірлікке арналған субсидия нормасы, теңге |
1 |
Аммиак селитрасы (N-34,4%) |
тонна |
49,9 |
28 842 |
2 |
Аммофос (N-10%, P2 O5 -46 %) |
тонна |
49,9 |
44 910 |
3 |
Фосфорит ұны (P2 O5 -17%) |
тонна |
49,9 |
8 193 |
4 |
Жай суперфосфат (P2 O5 -19 %) |
тонна |
49,9 |
24 451 |
5 |
Аммоний сульфаты (N-21%) |
тонна |
49,9 |
22 569 |
6 |
Байытылған суперфосфат |
тонна |
49,9 |
15 968 |
7 |
Супрефос-NS |
тонна |
49,9 |
44 910 |
8 |
«Б» маркалы «МЭРС» микротыңайтқышы |
литр |
49,9 |
5 988 |
Ескерту:
N–азот;
P2 O5– фосфор.
Қызылорда облысы әкімдігінің |
Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидия нормалары
р/с |
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері |
Өлшем бірлігі |
Бір өлшем бірлігінің құнын арзандату пайызы |
Бір бірлікке арналған субсидия нормасы, теңге |
1 |
Карбамид (N-46,3%) |
тонна |
29,9 |
25 415 |
2 |
Аммоний сульфаты |
тонна |
29,9 |
10 465 |
3 |
Нитроаммофоска |
тонна |
29,9 |
29 900 |
4 |
Аммоний сульфаты (Капролактамды) |
тонна |
29,9 |
11 577 |
5 |
КАС (калий аммиак селитрасы) |
литр |
29,9 |
14,95 |