Ескерту. Қаулының орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіліп, мемлекеттік тілдегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылды - Қызылорда облыстық әкімдігінің 17.02.2015 N 851 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса берілген "Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық әкімдігінің 17.02.2015 N 851 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары А.Ш. Әлназароваға жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы "22" қыркүйектегі №710 қаулысымен бекітілген |
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі Жалпы ережелер
Ескерту. Ереженің атауы жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық әкімдігінің 17.02.2015 N 851 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. "Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, облыста дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
1. Басқарманың құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі болып табылады.
2. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
8. Заңды тұлғаның тұрған жерi: индексі 120008, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ғ. Мұратбаев көшесі, 1.
9. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметiн қаржыландыру облыстық бюджетiнен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Басқарманың миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
13. Басқарманың миссиясы:халықты салауатты өмір сүруге тартуға, облыста жоғары білікті спортшыларды және спорт резервін дайындауға жағдай жасау.
14. Мiндеттерi:
дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және дамыту.
15. Функциялары:
1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
2) аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында облыстық спорт жарыстарын өткiзедi;
3) спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
5) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
6) Алынып тасталды - Қызылорда облыстық әкімдігінің 17.02.2015 N 851 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;
8) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
6) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;
7) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;
8) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;
10) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
11) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;
12) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келіседі;
13) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
14) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
15) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындайды;
16) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
17) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
18) дене шынықтыру және спорт бағытындағы қоғамдық бірлестіктер дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргізеді, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабілеттілік пен белсенді ұзақ өмір сүрудің жоғары деңгейіне, сондай-ақ ізгілік мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткізу үшін дене шынықтыру компоненттерін практикалық пайдалануда халықтың білім деңгейін арттырады;
19) аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы өткізетін спорттық жарыстар туралы ережелерді (регламенттерді) әзірлейді және оларды жергілікті уәкілетті органмен келіседі;
20) спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарда спортшыларды даярлау білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады;
21) мүгедектерге дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін спорт ғимараттарына баруға жағдай жасауды, арнайы спорттық мүкаммалды беруді қамтамасыз етеді;
22) мүгедектердің дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен бірлесе отырып, спорт клубтарының, мектептерінің, секцияларының ашылуын қамтамасыз етеді, облыс деңгейінде спорттық іс-шаралар өткізуді, сондай-ақ оларды республикалық спорттық жарыстарға даярлауды және оларға қатысуын ұйымдастырады;
23) спорт клубтарын, мектептерін, секцияларын ашу, облыс деңгейінде спорттық іс-шараларды өткізу, ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық, халықаралық спорттық жарыстарға спортшыларды даярлау және олардың қатысуы, тиісті инфрақұрылым жасау арқылы ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз етеді;
24) спорт түрлері бойынша спортшыларды ұстауға, қамтамасыз етуге, даярлауға және олардың спорттық іс-шараларға қатысуына, оның ішінде спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу оларға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарда жүзеге асырылады.
25) жоғары дәрежелі спортшылар даярлауды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы қазақстандық және шетелдік мамандар, сондай-ақ дене шынықтыру-спорт ұйымдары жүзеге асырады;
26) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасауды және оны бақылауды жүзеге асырады;
27) облыстық спорттық жарыстар жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және аккредиттелген тиісті жергілікті спорт федерацияларымен келісу бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың өңірлік бірыңғай күнтізбесіне сәйкес өткізіледі;
28) облыстық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары әзірлейді және оны жергілікті атқарушы орган бекітеді;
29) жеке адамдар мен қатысушылардың қауiпсiздiк жағдайын қамтамасыз етудi күрделендiретiн спорт ғимараттарын пайдалану және өрт қауiпсiздiгi қағидалары талаптарының бұзушылықтары, оның iшiнде мiнбелердің тiреуiш конструкцияларының ескiруi, мiнбе астындағы үй-жайларда жанатын қауіпті заттар мен материалдардың болуы, авариялық жарық беру мен эвакуациялау жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе олардың ақаулы болуы бөлігінде, сондай-ақ өрттiң туындауына әкеп соғуы мүмкiн электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы органдар енгiзетiн ұсыну бойынша жергiлiктi атқарушы органдар өз бетiнше не iшкi iстер органдарының бастамасы бойынша қауiпсiздiк жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейiн спорттық жарыстарды өткiзуге тыйым салады;
30) аса көрнекті спортшыларға – "КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атақтары бар, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кірген немесе кіретін олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне, әлем чемпиондарына, олардың "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" немесе "КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атақтары бар жаттықтырушыларына заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттен ай сайын ақшалай үлес төлейді;
31) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттен ай сайын ақшалай үлес төлейді;
32) дене тәрбиесi мен спорт саласында балалар мүдделерiне орай орталық атқарушы орган айқындаған мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады;
33) құқық бұзушылық жасауға итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шаралар қолданады;
34) азаматтардың құқықтық тәрбиесiн ұйымдастыруды қамтамасыз етедi;
35) мемлекеттiк орган жұмысының сапасы мен өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында оның қызметiнiң бағыттары бойынша iшкi бақылауды жүзеге асырады;
36) өз құзыреті шеңберінде қызметтерi кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары, қадағалаусыз және панасыз қалуы профилактикасының шараларын жүзеге асыруға байланысты балалар мен жастардың қоғамдық бiрлестiктерiне, әлеуметтiк мекемелерге, қорларға және өзге де мекемелер мен ұйымдарға жәрдемдеседi;
37) өз құзыреті шеңберінде кәмелетке толмағандардың демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыруға қатысады;
38) өз құзыреті шеңберінде кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мiнез-құлқын және салауатты өмiр салтын насихаттау мен қалыптастыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады;
41-1) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді.
Ескерту. Қаулы 41-1) тармақшамен толықтырылды - Қызылорда облыстық әкімдігінің 17.02.2015 N 851 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
41-2) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе береді.
Ескерту. Қаулы 41-2) тармақшамен толықтырылды - Қызылорда облыстық әкімдігінің 17.02.2015 N 851 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
41-3) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі.
Ескерту. Қаулы 41-3) тармақшамен толықтырылды - Қызылорда облыстық әкімдігінің 17.02.2015 N 851 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
39) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
16. Құқықтары мен мiндеттерi:
1) Басқарма өзiне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру барысында заңнамада бекiтiлген тәртiппен:
- мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
- құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
- қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы.
2) Басқарма:
- заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
- қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
- қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
3. Басқарманың қызметiн ұйымдастыру
17. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.18. Басқарманың бiрiншi басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Басқарманың бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. Басқарманың бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
1) өз қызметін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;
2) өз өкілеттілігі шегінде мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда басқарманы бiлдiредi;
3) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелерi оның құзыретiне жатқызылған басқарманың қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
5) өзiнiң құзыретiне жатқызылған еңбек қатынастары мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарманың қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
6) бұйрықтарға қол қояды;
7) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
8) шарттар жасасады;
9) сенімхаттар береді;
10) өз қызметін ұйымдастыру және оның ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;
12) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
13) облыс әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;
14) Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
15) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
16) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
17) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;
18) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
19) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20) Басқарманың бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
22. Басқарманың жұмыс тәртібі:
1) Басқарма аптада 5 (бес) күн жұмыс істейді;
2) Басқарманың жұмысы жергілікті уақыт бойынша сағат 09-00-де басталып, сағат 19-00-де аяқталады. Сағат 13-00-ден сағат 15-00-ге дейін үзіліс;
3) сенбі және жексенбі күндері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері Басқарма жұмыс істемейді.
23. Басқарманың жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
24. Басқарманың әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және мемлекеттік қызмет туралы заңына сәйкес реттеледі.
4. Басқарманың мүлiгі
25. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.26. Басқарманың мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ, өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
27. Басқармаға бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық меншiкке жатады.
28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
29. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.Басқарма таратылған жағдайда оның мүлкін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.