1. «Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидасын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 275 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4524 нөмірімен тіркелген, 2014 жылдың 16 қаңтарда «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкiмiнiң орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсiн.»;
аталған қаулымен бекітілген Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидасының 11-тармағының 8-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) заңды тұлғалар үшін қосымша:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
құрылтайлық құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғының негізінде жүзеге асырса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтінішінің нотариалды куәландырылған көшірмесі».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |