"Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидасын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 275 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 795 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қаңтарда № 4849 болып тіркелді

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидасын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 275 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4524 нөмірімен тіркелген, 2014 жылдың 16 қаңтарда «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкiмiнiң орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсiн.»;
      аталған қаулымен бекітілген Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидасының 11-тармағының 8-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) заңды тұлғалар үшін қосымша:
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      құрылтайлық құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғының негізінде жүзеге асырса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтінішінің нотариалды куәландырылған көшірмесі».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады