1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкiмдiгiнің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 613 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4728 тіркелген, 2014 жылғы 26 шілдеде «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгірістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағында жер учаскелері меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынып қойылмай және жер санаты ауыстырылмай, ені екі шақырымнан кем емес, жалпы ауданы 46309,34 гектар, оның ішінде ауданы 19638,77 гектар «Барсакелмес» учаскесі және ауданы 26670,57 гектар «Қасқақұлан» учаскесінің қорғау аймағы;
осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағы аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі белгіленсін.»;
аталған қаулының қосымшасында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағы аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Қорық) қорғау аймағы аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 123-бабына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 18-бабына сәйкес әзірленді.».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкiмi | Қ. Көшербаев |