Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы

Жаңартылған

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 16 маусымдағы N 613 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 шілдеде N 4728 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық әкімдігінің 15.02.2021 № 202 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 123-бабына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10, 18, 43-баптарына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық әкімдігінің 15.02.2021 № 202 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағында жер учаскелері меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынып қойылмай және жер санаты ауыстырылмай, ені екі шақырымнан кем емес, жалпы ауданы 52160,54 гектар, оның ішінде ауданы 19638,77 гектар "Барсакелмес" учаскесі, ауданы 26670,57 гектар "Қасқақұлан" учаскесі және ауданы 5851,2 гектар "Сырдария өзені Дельтасы" учаскесінің күзет аймағы;

      осы қаулы қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағы аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық әкімдігінің 15.02.2021 № 202 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы "16" маусымдағы N 613 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағы аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі

      Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық әкімдігінің 15.02.2021 № 202 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Қорық) күзет аймағы аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 123-бабына және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 18-бабына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық әкімдігінің 15.02.2021 № 202 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қорықтың қорғау аймағында:

      1) жаңа елді мекендер құруға және бар елді мекендерді кеңейтуге;

      2) Қорықтың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілерді орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгізуге;

      3) өсімдіктер мен жануарлар дүниесі үшін зәрлі улы химикаттар, тыңайтқыштар мен гербицидтер қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивті нысандарын енгізуге;

      4) атмосфераға және ашық су көздері мен рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;

      5) пайдалы қазбалар өңдіруге;

      6) әуесқойлық (спорттық) және кәсіпшілік аң аулауға;

      7) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіп қалдықтарын көмуге;

      8) Қорықтың экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертетін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтауға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектілер салуға);

      9) жабайы жануарлар мен жабайы өсімдіктердің бөтен түрлерін жерсіндіруге;

      10) Қорықтың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін басқа да қызметке тыйым салынады.

      3. Қорықтың қорғау аймағының аумағында Қорықтың экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

      1) орман шаруашылығы қызметі;

      2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;

      3) туристік және рекреациялық қызмет;

      4) минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану;

      5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

      6) орман және дала өрттерін сөндіру жөнінде жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;

      7) бүлінген жерлерді рекультивациялау;

      8) орман және өзге де өсімдік қауымдастықтарын қалпына келтіру;

      9) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарларды эндемикалық, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлерін жасанды жолмен көбейту, өсіру, өндіру үшін питомниктер салу, Қорық қызметкерлерінің тұруы үшін қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерін беру үшін пайдалану.

      4. Қорықтың қорғау аймағында 2-тармақта көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ Қорықтың өзге объектілеріне қол сұғылмауы қамтамасыз етілуге тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады