Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.05.2015 № 629 бұйрығымен.
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 138-4 бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Металлургия» саласындағы біліктіліктердің салалық шеңбері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.Ә. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін
атқарушы А. Рау
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің міндетін атқарушының
2014 жылғы 06 наурыздағы
№ 65 бұйрығымен бекітілген
«Металлургия» саласындағы салалық біліктілік шеңбері
1. Жалпы ережелер
1. «Металлургия» саласындағы салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) сегіз біліктілік деңгейін қамтиды, бұл Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 бірлескен бұйрығымен бекітілген Ұлттық біліктілік шеңберіне (бұдан әрі – ҰБШ) сәйкес келеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8022 болып тіркелді, «Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 24 қарашада № 408-409 (27227-27228) жарияланған).
2. СБШ біліктілік деңгейлерінің бірыңғай шәкілін айқындайды, біліктіліктің салыстырмалылығын қамтамасыз етеді және кәсіби стандарттар үшін және металлургия саласындағы мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау және оны беру жүйесі үшін негіз болып табылады.
3. СБШ пайдаланушылардың түрлі топтарына (жұмыс беруші, білім беру органдары, азаматтар) арналған және:
1) кәсіптік және білім беру стандарттарын әзірлеу кезінде барлық білім беру деңгейінің мамандары мен түлектердің біліктіліктеріне қойылатын талаптарды бірыңғай ұстанымдармен сипаттауға;
2) металлургия саласындағы мамандардың және білім берудің барлық деңгейлері түлектерінің біліктіліктерінің сәйкестігін растау мен оларды берудің бағалау материалдарын және рәсімдерін әзірлеуге;
3) тиісті біліктілікті меңгеруге жеткізетін мансаптық өсуді, біліктілік деңгейін арттыруды жоспарлауға мүмкіндік береді.
4. СБШ-да пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) білім – оқу және жеке тәжірибесі арқылы ақпаратты меңгеру нәтижесі, оқу немесе жұмыс саласына қатысты фактілердің, қағидаттардың, теория мен практиканың жиынтығы, біліктіліктің бағалануға тартылуы тиіс бөлігі;
2) ҰБШ – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдалған сипаттау;
3) ұлттық біліктілік жүйесі – мамандардың біліктілігіне еңбек нарығы тарапынан сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институциялық реттеу тетіктерінің жиынтығы;
4) тәжірибе – саналы қызмет, белгілі бір уақыт аралығында меңгерілген және тиімді пайдаланыла алатын білім мен дағдылар;
5) СБШ – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
6) кәсіптік стандарт – кәсіптік қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
7) икем – қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу (логикалық, интуициялық, шығармашылық және практикалық ойлауды қолдану) мақсатында білімді қолдану және құзыреттілік таныту қабілеттері.
5. СБШ-ның міндеті кәсіптік стандарттарды одан әрі әзірлеу үшін металлургия өнеркәсібі салаларының қолданыстағы және перспективалы технологияларын ескере отырып, қызметкерлердің функциялық мінез-құлқына, икеміне, дағдыларына және біліміне қойылатын талаптарды айқындау болып табылады.
6. Саланың өнімді жасау мен іске асырудың қолданыстағы және перспективалы технологияларын қолданумен байланысты негізгі өндірістік міндеттері:
1) нормативтік – техникалық құжаттама әзірлеу;
2) өндіріс құралдарын жетілдіру және дайындау;
3) энергия үнемдейтін және «жасыл» технологиялар мен материалдарды пайдалану;
4) өнімді өндіру және өткізу.
7. СБШ мынадай:
1) ҰБШ біліктілік деңгейлерінің қолданылатын және перспективалы технологияларды ескере отырып, жұмыскердің құзіреттеріне, білімдеріне, икеміне және дағдыларына қойылатын талаптарын нақтылау;
2) СБШ-ның төменгі біліктілік деңгейлерінен жоғары деңгейлерге ауысқан кездегі талаптардың сабақтастығы;
3) металлургия өнеркәсібі жұмыскерлерінің құзыреттеріне, білімдеріне, икеміне және дағдыларына қойылатын талаптар сипаттамасының бірмағыналылығы, қисындылығы және қысқалылығы;
4) СБШ-ның металлургия өнеркәсібіндегі барлық кәсіптік қызметтер салаларына қойылатын үлгілік талаптарының әмбебаптылығы, қолайлығы;
5) жұмыскерлердің біліктілік деңгейін арттыруды ынталандыру қағидаттары ескеріле отырып әзірленді.
8. СБШ, СБШ-ға 1-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша ресімделген шеңберлік конструкцияны білдіреді.
СБШ кәсіптік қызметтің жалпы сипаттамаларының әрбір біліктілік деңгейіне арналған сипаттаудан тұрады, атап айтқанда:
1) тұлғалық және кәсіптік құзыреттер – бұл көрсеткіш жұмыскердің жалпы құзыретін айқындайды және оның мынадай үш негізгі көрініс беру дәрежесі бар:
басшылықтың қол астындағы қызмет;
өзіндік атқарушылық қызмет;
басқаларға басшылық ету.
2) білім – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және білімге қойылатын талаптарды айқындайды, кәсіптік қызметтің мынадай ерекшеліктеріне байланысты болады:
пайдаланатын ақпараттың көлемі мен күрделілігі;
білімнің инновациялылығы;
олардың абстрактілік дәрежесі (теориялық және практикалық білімінің ара-қатынасы);
оның көрініс беру (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) дәрежесі көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірінің (кез – келгенінің), екеуінің де немесе үшеуінің өзгеруіне байланысты.
3) икем және дағды – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және біліктілікке қойылатын талаптарды айқындайды, кәсіптік қызметтің мынадай ерекшеліктеріне байланысты болады:
кәсіптік міндеттерді шешу тәсілдерінің көптігі (өзгергіштігі), осы тәсілдерді таңдау немесе әзірлеу қажеттілігі;
жұмыс жағдайының белгісіздік және оның дамуының беймәлімдігі дәрежесі;
оның көрініс беру (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) дәрежесі көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірінің (кез–келгенінің) немесе екеуінің де өзгеруіне байланысты.
Өкілеттік пен жауапкершіліктің кеңдігі қызмет ауқымына, ықтимал қателіктің ұйым, сала үшін бағасына, олардың әлеуметтік, экологиялық, экономикалық және басқа да салдарларына, сондай-ақ кәсіптік қызметте басшылықтың негізгі функцияларын (мақсатты болжау, ұйымдастыру, бақылау, орындаушыларды ынталандыру) толық іске асыруға байланысты болады.
9. СБШ-да біліктілік деңгейлерін әзірлеудің негізгі қағидаты біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай дамуының үздіксіздігі мен сабақтастығы, оларды сипаттау ашықтығы болып табылады.
10. Біліктілік деңгейі белгілі бір білім беру бағдарламасын игеру және/немесе практикалық тәжірибе нәтижесі болып табылады.
Біліктілікті өсіру немесе әрбір деңгейде оның бейінін өзгерту үшін тиісті лицензиялары бар ұйымдарда біліктілігін арттыру және кадрларды қайта даярлау жүйесінің қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жүргізіледі.
Біліктілік деңгейі практикалық жұмыс тәжірибесін меңгеруіне, өз бетінше білім алуына және оқуына қарай өсуі мүмкін.
Білім беру мен оқытудың әртүрлі нысандарын есепке алу салалық біліктілік жүйелерінің ішінде жүргізілетін болады.
Дербес білім беру траекториясын құру жұмыскердің білімі мен практикалық тәжірибесін, біліктілікті арттыру курстарын ескеру арқылы жүзеге асырылады, бұл біліктілік деңгейлерінің тігінен де, көлденеңінен де ілгерілеуіне мүмкіндік береді.
Біліктілік деңгейлерінің білім беру және оқытудың ұлттық жүйесі деңгейлерімен ара-қатынасы СБШ-ға 2-қосымшада көрсетілген біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші бойынша айқындалады.
«Металлургия» саласындағы
салалық біліктілік шеңберіне
1-қосымша
«Металлургия» саласындағы
салалық біліктілік шеңберінің құрылымы
Ұлттық біліктілік шеңберінің (ҰБШ) деңгейі |
Салалық біліктілік шеңбері (СБШ) деңгейі |
Кәсіби қызмет салалары: |
||
Жеке және кәсіби құзыретіне қойылатын талаптар |
Білігі мен дағдысына қойылатын талаптар |
Білуіне қойылатын талаптар |
||
1 |
1 |
Дербестігі: міндеттерді орындау барысында өте төмен дербестік деңгейінде толық басшылық жасалатын жұмыс. |
Бір үлгідегі жеңіл практикалық тапсырмаларды орындайды, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі басқара білу дағдыларын көрсетеді. |
Еңбек пәні, оны өзгерту процестері және тиісті орындаушылық әрекеттер топтамасы туралы базалық білім. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды білу. |
2 |
2 |
Дербестігі: белгілі жағдайларда белгілі бір дербестігі бар, басшылық жасалатын жұмыс; басшылық жасап оқыту. |
Жеңіл практикалық тапсырмаларды орындайды, қарапайым өндірістік жағдайларда өз іс-қимылдарын бақылау және түзету дағдыларын көрсетеді. |
Еңбек пәні, қарапайым үлгілік міндеттерді орындау кезінде нәтижелерге қол жеткізу құралдары мен тәсілдері туралы базалық білім. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды білу. |
3 |
3 |
Дербестігі: бір үлгідегі жағдайларда және кәсіптік қызметтердің басшылық жасалатын күрделі жағдайларында дербес жұмыстарды жүзеге асыру, оқытуды өз бетінше ұйымдастыру. |
Стандартты практикалық тапсырмаларды орындайды, жоспарлау, қойылған міндеттерді орындау тәсілдерін таңдай білу, қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оны жөндеу жұмысына қатысу дағдыларын көрсетеді. |
Еңбек пәнін өзгерту технологиялары, еңбекті, технологиялық процесс негіздерін жоспарлау мен ұйымдастыру, қолданылатын жабдықтың құрылысы, жұмыс істеу қағидаттары, материалдардың түрлері мен пайдаланылу мақсаты туралы білім. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды білу. |
4 |
4 |
Дербестігі: бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет. |
Алынған тапсырмаларды нақтылайды, бағыныштылардың міндеттерін белгілейді, қызметтерінің нәтижесін бағалайды, білім және дағдылардың жетіспеуін анықтайды, қызметкерлерді кәсіпқойлығын жоғарылатуға ынталандырады, технологиялық процесті жүргізуге қатысады. |
Кәсіби міндеттерді белгілеу және шешу амалдары, қағидаттары және тәсілдері, қарым-қатынас этикасы мен психологиясы, еңбек уәждемесі және еңбекке ынталандыру тәсілдері, технологиялық процестің негіздері, қолданылатын жабдықтың құрылысы, жұмыс істеу қағидаттары, материалдардың түрлері мен қолданылу мақсаты туралы білім. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды білу. |
5 |
5 |
Дербестігі: кәсіпорын қызметінің технологиялық процесс учаскесі мен стратегиясы шегіндегі басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: өз еңбегін бағалау және жетілдіру, өзі оқу және басқаларды оқыту, өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау талаптарының орындалуы, өндірістік және технологиялық процестердің орындалуы үшін. |
Тапсырысты түсіну, жағдайды және өзінің іс-қимылдарын талдау, шешім қабылдау және оларды іске асыруға жағдай жасау, командалық жұмыс, басқарушылық және орындаушылық кәсіпқойлықты жоғарылату тұрғысынан қызметті бақылау және түзету, қызмет көрсетілетін жабдықтың жай-күйін және материалдарды, құрал-сайманды, қорғану құралдарын ұтымды пайдалану дағдыларын көрсетеді. |
Кәсіби жағдайларды жүйелік талдау және жобалау әдіснамасы, басқарушылық шешімдерді қабылдау тәсілдері, ұжым және ұжымдық құрылым, технологиялық процесс, пайдаланылатын материалдардың қасиеттері туралы білуі. Қолданылатын жабдықтың құрылысы мен пайдалану қағидалары. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды білу. |
6 |
6 |
Дербестігі: жұмыстар жөнінде басқа учаскелермен келісім жасауды болжайтын, кәсіпорын қызметтерінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: маңызды өзгерістерге және дамуға әкелуі мүмкін қызмет үдерістерін жоспарлау және әзірлеу, қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыруға жауапкершілігі. |
Белгісіздігі жоғары әлеуметтік және кәсіби жағдайларда жобалау және шешім қабылдау, өзін-өзі басқару мәдениеті, коммуникацияны ұйымдастыру және көзқарастарды келісу, нәтижелерді ресімдеу және олармен таныстыру, қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдарды пайдалану дағдыларын көрсетеді, жабдықты дайындау мен жүктеуді басқару, жабдықтың жай-күйін және шикізат пен материалдардың ұтымды пайдаланылуын, электр энергиясының шығындалуын бақылау дағдыларын көрсетеді. |
Әлеуметтік және кәсіби күрделі жағдайларда бірлесіп талдау, жобалау және шешім қабылдау әдіснамасы, коммуникацияны ұйымдастыру және көзқарастарды келісу, талдамалық және жобалық құжаттаманы ресімдеу және таныстыру тәсілдері, технологиялық процестер, материалдардың қасиеттері мен қолданылу мақсаттары, жабдық жұмысының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, мемлекеттік стандарттар туралы білуі. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды білу. |
7 |
7 |
Дербестігі: сала құрылымын жұмыс істету және дамыту стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: маңызды өзгерістерге және дамуға әкелуі мүмкін қызмет үдерістерін жоспарлау және әзірлеу, қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыруға жауапкершілігі. |
Міндет пен проблемаларды қою, инновациялық тәсілдерді, тұжырымдама жасау және қызмет стратегиясы әдістерін қолдана отырып, оларды жүйелі түрде шешу дағдыларын көрсетеді. |
Тұжырымдаманы, стратегияны, қызметтің функционалдық модельдерін құру әдіснамасын, кадрларды даярлау саласындағы акмеологиялық әдістерді қолдана отырып, міндеттер мен проблемаларды қою мен жүйелі түрде шешу тәсілдері туралы білім. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды білу. |
8 |
8 |
Дербестігі: мемлекеттік ауқымдағы саланың ірі институционалдық құрылымдарына жұмыс істету және дамыту стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: маңызды өзгерістерге және дамуға әкелуі мүмкін қызмет үдерістерін жоспарлау, әзірлеу және оның нәтижелері. |
Жүйелік және стратегиялық ойлауды, логикалық әдістерді, кәсіби қызмет пен өзара іс-қимылдың модельдерін құру мен орындау әдістерін қолдана отырып, өзара тиімді шешімдерді қабылдау дағдыларын көрсетеді. |
Қызметтің және өзара іс-қимылдың кооперативтік жүйелерін құру, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді үлгілеу және басқару әдіснамасы туралы білім. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды білу. |

Дербестігі: кәсіпорын қызметінің технологиялық процесс учаскесі мен стратегиясы шегіндегі басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: өз еңбегін бағалау және жетілдіру, өзі оқу және басқаларды оқыту, өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау талаптарының орындалуы, өндірістік және технологиялық процестердің орындалуы үшін жауапкершілігі. |
Тапсырысты түсіну, жағдайды және өзінің іс-қимылдарын талдау, шешім қабылдау және оларды іске асыруға жағдай жасау, командалық жұмыс, басқарушылық және орындаушылық кәсіпқойлықты жоғарылату тұрғысынан қызметті бақылау және түзету, қызмет көрсетілетін жабдықтың жай-күйін және материалдарды, құрал-сайманды, қорғану құралдарын ұтымды пайдалану дағдыларын көрсетеді. |
Кәсіби жағдайларды жүйелік талдау және жобалау әдіснамасы, басқарушылық шешімдерді қабылдау тәсілдері, ұжым және ұжымдық құрылым, технологиялық процесс, пайдаланылатын материалдардың қасиеттері туралы білуі. Қолданылатын жабдықтың құрылысы мен пайдалану қағидалары. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды білу. |
6 |
6 |
Дербестігі: жұмыстар жөнінде басқа учаскелермен келісім жасауды болжайтын, кәсіпорын қызметтерінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: маңызды өзгерістерге және дамуға әкелуі мүмкін қызмет үдерістерін жоспарлау және әзірлеу, қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыруға жауапкершілігі. |
Белгісіздігі жоғары әлеуметтік және кәсіби жағдайларда жобалау және шешім қабылдау, өзін-өзі басқару мәдениеті, коммуникацияны ұйымдастыру және көзқарастарды келісу, нәтижелерді ресімдеу және олармен таныстыру, қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдарды пайдалану дағдыларын көрсетеді, жабдықты дайындау мен жүктеуді басқару, жабдықтың жай-күйін және шикізат пен материалдардың ұтымды пайдаланылуын, электр энергиясының шығындалуын бақылау дағдыларын көрсетеді. |
Әлеуметтік және кәсіби күрделі жағдайларда бірлесіп талдау, жобалау және шешім қабылдау әдіснамасы, коммуникацияны ұйымдастыру және көзқарастарды келісу, талдамалық және жобалық құжаттаманы ресімдеу және таныстыру тәсілдері, технологиялық процестер, материалдардың қасиеттері мен қолданылу мақсаттары, жабдық жұмысының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, мемлекеттік стандарттар туралы білуі. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды білу. |
7 |
7 |
Дербестігі: сала құрылымын жұмыс істету және дамыту стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: маңызды өзгерістерге және дамуға әкелуі мүмкін қызмет үдерістерін жоспарлау және әзірлеу, қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыруға жауапкершілігі. |
Міндет пен проблемаларды қою, инновациялық тәсілдерді, тұжырымдама жасау және қызмет стратегиясы әдістерін қолдана отырып, оларды жүйелі түрде шешу дағдыларын көрсетеді. |
Тұжырымдаманы, стратегияны, қызметтің функционалдық модельдерін құру әдіснамасын, кадрларды даярлау саласындағы акмеологиялық әдістерді қолдана отырып, міндеттер мен проблемаларды қою мен жүйелі түрде шешу тәсілдері туралы білім. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды білу. |
8 |
8 |
Дербестігі: мемлекеттік ауқымдағы саланың ірі институционалдық құрылымдарына жұмыс істету және дамыту стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: маңызды өзгерістерге және дамуға әкелуі мүмкін қызмет үдерістерін жоспарлау, әзірлеу және оның нәтижелері. |
Жүйелік және стратегиялық ойлауды, логикалық әдістерді, кәсіби қызмет пен өзара іс-қимылдың модельдерін құру мен орындау әдістерін қолдана отырып, өзара тиімді шешімдерді қабылдау дағдыларын көрсетеді. |
Қызметтің және өзара іс-қимылдың кооперативтік жүйелерін құру, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді үлгілеу және басқару әдіснамасы туралы білім. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды білу. |
«Металлургия» саласындағы
салалық біліктілік шеңберіне
2-қосымша
Бiлiктiлiкке қол жеткiзу көрсеткiшi
Бiлiктiлiк деңгейi |
Тиiстi деңгейдегi бiлiктiлiкке қол жеткiзу жолдары |
1 |
Практикалық тәжiрибе және/немесе жұмыс орнында қысқа мерзiмдi оқыту (нұсқау) және/немесе бастауыштан кем емес орта бiлiмi болған кезде қысқа мерзiмдi курстар. |
2 |
Практикалық тәжiрибе және/немесе негiзгi орта бiлiмнен кем емес жалпы орта бiлiмi болған кезде кәсiби даярлау (бiлiм беру мекемесi негiзiнде қысқа мерзiмдi курстар немесе корпоративтi бiлiм беру) және/немесе ересектердi қайта даярлау. |
3 |
Практикалық тәжiрибе және/немесе жалпы орта бiлiм немесе негiзгi орта бiлiмнiң негiзiнде техникалық және кәсiби бiлiм немесе практикалық тәжiрибесiз жалпы орта бiлiм болған кезде кәсiби даярлау (бiлiм беру мекемелерiнiң негiзiнде бiр жылға дейiн кәсiби даярлау бағдарламалары бойынша курстар немесе корпоративтi оқыту). |
4 |
Жоғары дәрежелi техникалық және кәсiби бiлiм (қосымша кәсiби дайындық) және практикалық тәжiрибе. |
5 |
Техникалық және кәсiби бiлiм (орта буын маманы), ортадан кейiнгi бiлiм, практикалық тәжiрибе, немесе жоғары бiлiм. |
6 |
Жоғары бiлiм, практикалық тәжiрибе. |
7 |
Жоғары бiлiм, практикалық тәжiрибе, немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм, практикалық тәжiрибе. |
8 |
Жоғары бiлiм, практикалық тәжiрибе, немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм, практикалық тәжiрибе. Осы бiлiктiлiк деңгейiнде жоғары бiлiм «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңы қабылданғанға дейiн алынған жоғары бiлiмдi, сондай-ақ осы заңда белгiленген бiлiм деңгейiне сәйкес айқындалған жоғары бiлiмнен кейiнгi бiлiмдi қамтиды. |