«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің заң департаменті (А.Қ. Алиақпаров) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберуді;
2) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 629 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің, Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникациялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1) «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 769 бұйрығы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8876 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 28 қарашада № 263 (28202) болып жарияланған);
2) «Геология» саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 371 бұйрығы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9018 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 18 ақпандағы № 33 (28257) болып жарияланған);
3) «Химиялық өндіріс» саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 392 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2013 жылдың 28 желтоқсанында, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 2 сәуірде № 63 (28287) болып жарияланған;
4) «Жеңіл өнеркәсіп» саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 445 бұйрығы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9093 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 12 наурызында, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 82 (28306) болып жарияланған);
5) «Машина жасау» саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 446 бұйрығы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9127 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 19 ақпанында, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 82 (28306) болып жарияланған);
6)«Құрылыс индустриясы» саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 10 ақпандағы № 32 бұйрығы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9198 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 12 мамырында, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 31 шілдесінде № 147 (28371) болып жарияланған);
7) «Металлургия» саласындағы біліктіліктердің салалық шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 6 наурыздағы № 65 бұйрығы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9327 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 15 желтоқсанда жарияланған);
8) «Көлік және коммуникация саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 188 бұйрығы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9355 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 14 мамырында, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 30 қазандағы № 212 (28435) болып жарияланған);
9) «Азаматтық авиация саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а 2014 жылғы 12 маусымдағы № 368 бұйрығы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9595 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 13 тамызында, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 12 ақпандағы № 28 (28506) болып жарияланған);
10) «Ғарыш қызметі саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 66/НҚ бұйрығы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9586 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 25 шілдесінде, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 30 қазандағы № 212 (28435) болып жарияланған).