Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 13.01.2015 № 2-қ қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға арналған Арал ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Алдановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | М. Оразбаев |
Аудан әкімдігінің 2014 жылғы "25" ақпандағы N 91-қ қаулысына қосымша |
2014 жылға арналған Арал ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі
1. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
2. Жасы елуден асқан жұмыссыз адамдар.
3. Отбасында бірде-бір адам жұмыс істемейтін адамдар.
4. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін адамдар (бір жылдан артық).
5. Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының түлектері.