"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңын басшылыққа ала отырып Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арал ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 6-қ қаулысы (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 10 ақпанында 4591 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2014 жылғы 15 ақпандағы № 13 санында ресми жарияланған);
2) "2014 жылға арналған Арал ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 91-қ қаулысы (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 17 наурызында 4618 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23 санында ресми жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Арал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Әлішева Жұмагүл Нахтайқызына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ | А. МҰХИМОВ |