Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібін қосымша реттеу туралы

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 155 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 мамырдағы № 4670 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 03 ақпандағы № 284 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 03.02.2016 № 284 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Арал ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізілетін орын ретінде Арал қаласы, Матай Үмбет би көшесінде орналасқан "Даңқ алаңы" белгісінің аумағы белгіленсін.
      2. "Аудан көлемінде митингілер мен шерулерді өткізетін орындарды белгілеу туралы" Арал аудандық мәслихатының 2005 жылғы 22 тамыздағы № 127 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10-3-54 болып тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2005 жылғы 26 қарашадағы № 81 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Арал аудандық мәслихатының
      кезекті жиырма алтыншы
      сессиясының төрағасы С. Ниязов
      Арал аудандық
      мәслихатының хатшысы К. Данабай

О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

Решение Аральского районного маслихата Кызылординской области от 11 апреля 2014 года № 155. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 14 мая 2014 года № 4670. Утратило силу решением Аральского районного маслихата Кызылординской области от 03 февраля 2016 года № 284

      Сноска. Утратило силу решением Аральского районного маслихата Кызылординской области от 03.02.2016 № 284 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      В соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан", статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Аральский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Определить местом проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Аральском районе территорию знака "Даңқ алаңы", расположенную по улице Матай Умбет би города Аральск.
      2. Признать утратившим силу решение Аральского районного маслихата "Об определении мест проведения митингов и шествий на территории района" от 22 августа 2005 года № 127 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10-3-54, опубликовано в районной газете "Толқын" от 26 ноября 2005 года № 81).
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель очередной
      двадцать шестой сессии
      Аральского районного
      маслихата С. Ниязов
      Секретарь Аральского
      районного маслихата К. Данабай