"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арал ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізілетін орын ретінде Арал қаласы, Матай Үмбет би көшесінде орналасқан "Даңқ алаңы" белгісінің аумағы белгіленсін.
2. "Аудан көлемінде митингілер мен шерулерді өткізетін орындарды белгілеу туралы" Арал аудандық мәслихатының 2005 жылғы 22 тамыздағы № 127 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10-3-54 болып тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2005 жылғы 26 қарашадағы № 81 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал аудандық мәслихатының | |
кезекті жиырма алтыншы | |
сессиясының төрағасы | С. Ниязов |
Арал аудандық | |
мәслихатының хатшысы | К. Данабай |