Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Сарыкөл ауылдық округі әкімінің 24.12.2014 N 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7 тармағына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі N 8-09-91 ұсынысына сәйкес Сарыкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Сарыкөл ауылдық округiнің Абай ауылы, "Құланбай" және "Кене" учаскелері аумағында ұсақ малдар арасында сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу iс-шаралары белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Сарыкөл ауылдық округі әкімінің 24.12.2014 N 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
2.
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттiк мекемесi (М.Дүйсен, келiсiмі бойынша) осы шешiмнен туындайтын қажеттi шараларды қабылдау сұралсын.
3.
Осы шешiмнiң орындалуын бақылау "Сарыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы С.Қасымовқа жүктелсін.
4.
Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сарыкөл ауылдық |
Ә. Дидаров |
КЕЛIСIЛДI: |