Сарыкөл ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Сарыкөл ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 12 мамырдағы N 2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 мамырда N 4688 болып тіркелді. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Сарыкөл ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы N 12 шешімімен

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Сарыкөл ауылдық округі әкімінің 24.12.2014 N 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7 тармағына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі N 8-09-91 ұсынысына сәйкес Сарыкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сарыкөл ауылдық округiнің Абай ауылы, "Құланбай" және "Кене" учаскелері аумағында ұсақ малдар арасында сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу iс-шаралары белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Сарыкөл ауылдық округі әкімінің 24.12.2014 N 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттiк мекемесi (М.Дүйсен, келiсiмі бойынша) осы шешiмнен туындайтын қажеттi шараларды қабылдау сұралсын.
      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау "Сарыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы С.Қасымовқа жүктелсін.
      4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Сарыкөл ауылдық
      округінің әкімі

Ә. Дидаров

      КЕЛIСIЛДI:
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлiгi
      Ветеринариялық бақылау
      және қадағалау комитетiнiң
      Қазалы аудандық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттiк
      мекемесiнiң басшысы
      _____________ М. Дүйсен
      "12" мамыр 2014 жыл


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады