"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдарына арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 13 маусымдағы, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қазалы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Бекiтiлсiн:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2014 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2014 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшерi;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2014 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшерi.
2. Қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкiмiнiң орынбасары Ғ.Бәймішевке жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | С. Мақашов |
Қазалы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 207 қаулысына 1 қосымша |
2014 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы
№ | Аудан атауы |
Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы есебiнен |
1 | Қазалы ауданы | 1228 |
Қазалы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 207 қаулысына 2 қосымша |
Жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшерi
№ | Аудан атауы |
Бiр тәрбиеленушiге бiр айда жұмсалатын шығын | |
Балабақшалар | Шағын орталықтар | ||
1 | Қазалы ауданы | 25 945 теңгеден кем емес | 11 230 теңгеден кем емес |
Қазалы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 207 қаулысына 3 қосымша |
2014 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшерi
№ | Мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бiр айдағы мөлшерi | Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшiк мектепке дейiнгi ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бiр айдағы мөлшерi |
1 | Алты еселенген айлық есептiк көрсеткiштен артық емес |
Он еселенген айлық есептiк көрсеткiштен |