Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 10.02.2016 № 324 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Қармақшы ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орны Жосалы кентi Жолдыбаев көшесі бойындағы демалыс саябағы болып белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық | |
мәслихатының кезекті | |
26-сессиясының төрағасы | М. Есщанов |
Қармақшы аудандық | |
мәслихатының хатшысы | М. Наятұлы |