Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі N 158 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 мамырда N 4675 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 324 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 10.02.2016 № 324 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Қармақшы ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орны Жосалы кентi Жолдыбаев көшесі бойындағы демалыс саябағы болып белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қармақшы аудандық


мәслихатының кезекті


26-сессиясының төрағасы

М. Есщанов

Қармақшы аудандық


мәслихатының хатшысы

М. Наятұлы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады