"Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 23 қыркүйектегі N 364 қаулысы. Қызылорда облысының Әдiлет департаментiнде 2014 жылғы 24 қазанда N 4779 болып тiркелдi. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 04 ақпандағы N 11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкiмдiгiнiң 04.02.2015 N 11 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Жалағаш ауданы әкімінің


      міндетін атқарушы

Ө.Елеусінов


Жалағаш ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 364 қаулысына қосымша

“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
      1) Жалағаш аудандық ветеринария бөлімінің “Жалағаш аудандық ветеринариялық стансасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      3. “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Әйтеке би көшесі, №100.
      “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
      9. Мемлекеттік органның толық атауы: “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
      12. “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
      14. Міндеттері:
      1) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
      2) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
      3) ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
      5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою.
      15. Функциялары:
      1) облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      10) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      12) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және жергілікті атқарушы органға ақпарат беру;
      13) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды жергілікті атқарушы органға ұсыну;
      14) жергілікті атқарушы органға жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      15) жергілікті атқарушы органға профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      16) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      17) ауданның жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      18) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      19) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      Жалағаш аудандық ветеринария бөлімінің “Жалағаш аудандық ветеринариялық стансасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының функциялары:
      1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
      3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
      4) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
      5) құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органы ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;
      6) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
      7) ветеринариялық анықтама беруді;
      8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;
      9) биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;
      10) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      2) жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдауға;
      3) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығаруға;
      4) заңнамаға сәйкес өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға құқылы.
 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жалағаш ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық органдардың және мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің нормаларының орындалуын ұйымдастырады;
      2) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді ;
      3) бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      5) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      6) жануарлардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
      7) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
      8) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;
      9) тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
      10) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      20. “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мекеме басшысы анықтайды.
      “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      24. Жалағаш ауданының әкімдігі “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне берілген мүліктердің сақталуын және тиімді пайдалануын бақылауды жүзеге асырады.
      “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлікті Жалағаш ауданының әкімдігі қайтарып алуға немесе өзі құрған заңды тұлғалар арасында, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде басқа да түрлері белгіленбесе, өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы.
 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 

“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. Жалағаш аудандық ветеринария бөлімінің “Жалағаш аудандық ветеринариялық стансасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
 

Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Отдел ветеринарии Жалагашского района"

Постановление акимата Жалагашского района Кызылординской области от 23 сентября 2014 года N 364. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 24 октября 2014 года N 4779. Утратило силу постановлением акимата Жалагашского района Кызылординской области от 04 февраля 2015 года N 11

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Жалагашского района Кызылординской области от 04.02.2015 N 11 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года “О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан” и подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года “О государственном имуществе” акимат Жалагашского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение коммунального государственного учреждения “Отдел ветеринарии Жалагашского района”.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления оставляю за собой.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима
      Жалагашского района У.Елеусинов

  Приложение к постановлению
акимата Жалагашского района
от 23 сентября 2014 года № 364

Положение коммунального государственного учреждения “Отдел ветеринарии Жалагашского района”

1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение “Отдел ветеринарии Жалагашского района” является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере ветеринарии.
      2. Коммунальное государственное учреждение “Отдел ветеринарии Жалагашского района” имеет ведомство:
      1) государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения “Жалагашская районная ветеринарная станция” отдела ветеринарии Жалагашского района.
      3. Коммунальное государственное учреждение “Отдел ветеринарии Жалагашского района” осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Коммунальное государственное учреждение “Отдел ветеринарии Жалагашского района” является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Коммунальное государственное учреждение “Отдел ветеринарии Жалагашского района” вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Коммунальное государственное учреждение “Отдел ветеринарии Жалагашского района” имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Коммунальное государственное учреждение “Отдел ветеринарии Жалагашского района” по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя коммунального государственного учреждения “Отдел ветеринарии Жалагашского района” и другими актами предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности коммунального государственного учреждения “Отдел ветеринарии Жалагашского района” утверждается в соответствии с действующим законодательством.
      9. Место нахождение юридического лица: индекс 120200, Республика Казахстан, Кызылординская область, Жалагашский район, поселок Жалагаш, улица Айтеке би, №100.
      График работы коммунального государственного учреждения “Отдел ветеринарии Жалагашского района”: ежедневно, с понедельника по пятницу, с 09.00 до 19.00 часов (перерыв с 13.00 до 15.00 часов), кроме субботы и воскресенья, других выходных и праздничных дней, установленных законодательными актами.
      10. Полное наименование государственного органа: коммунальное государственное учреждение “Отдел ветеринарии Жалагашского района”.
      11. Настоящее Положение является учредительным документом коммунального государственного учреждения “Отдел ветеринарии Жалагашского района”.
      12. Финансирование деятельности коммунального государственного учреждения “Отдел ветеринарии Жалагашского района” осуществляется из бюджет района.
      13. Коммунальному государственному учреждению “Отдел ветеринарии Жалагашского района” запрещается вступать в договорные отношении с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями коммунального государственного учреждения “Отдел ветеринарии Жалагашского района”.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности коммунального государственного органа

      14. Миссией коммунального государственного учреждения “Отдел ветеринарии Жалагашского района” является проведение единой государственной политики в области ветеринарии.
      15. Задачи:
      1) охрана здоровья населения от болезней, общих для животных и человека;
      2) защита животных от болезней и их лечение;
      3) обеспечение ветеринарно-санитарной безопасности;
      4) охрана территорий соответствующей административно-территориальной единицы от заноса и распространения заразных и экзоотических болезней животных из других государств;
      5) предупреждение и ликвидация загрязнения окружающей среды при осуществлении физическими и юридическими лицами деятельности в области ветеринарии.
      16. Функции:
      1) внесение в местный представительный орган области для утверждения правил содержания животных, правил содержания и выгула собак и кошек, правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек, предложений по установлению границ санитарных зон содержания животных;
      2) организация отлова и уничтожения бродячих собак и кошек;
      3) организация строительства скотомогильников (биотермических ям) и обеспечение их содержания в соответствии с ветеринарными (ветеринарно-санитарными) требованиями;
      4) организация и обеспечение предоставления заинтересованным лицам информации о проводимых ветеринарных мероприятиях;
      5) организация и проведение просветительскую работу среди населения по вопросам ветеринарии;
      6) организация государственных комиссий по приему в эксплуатацию объектов производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организаций по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок;
      7) обезвреживание (обеззараживание) и переработка без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      8) возмещение владельцам стоимости обезвреженных (обеззараженных) и переработанных без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      9) организация проведения ветеринарных мероприятий по энзоотическим болезням животных на территории соответствующей административно-территориальной единицы;
      10) организация проведения ветеринарных мероприятий по профилактике особо опасных болезней животных по перечню, утверждаемому Правительством Республики Казахстан;
      11) организация проведения мероприятий по идентификации сельскохозяйственных животных, ведению базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных;
      12) определение потребности в индивидуальных номерах сельскохозяйственных животных и передача информации в местный исполнительный орган;
      13) свод, анализ ветеринарного учета и отчетности и их представление в местный исполнительный орган;
      14) внесение предложений в местный исполнительный орган по ветеринарным мероприятиям по профилактике заразных и незаразных болезней животных;
      15) внесение предложений в местный исполнительный орган по перечню энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств;
      16) организация хранения ветеринарных препаратов, приобретенных за счет бюджетных средств, за исключением республиканского запаса ветеринарных препаратов;
      17) внесение предложений в местный исполнительный орган района о ветеринарных мероприятиях по обеспечению ветеринарно-санитарной безопасности на территории соответствующей административно-территориальной единицы;
      18) организация санитарного убоя больных животных;
      19) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      Функции государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения “Жалагашская районная ветеринарная станция” отдела ветеринарии Жалагашского района:
      1) проведения ветеринарных мероприятий против особо опасных, незаразных и энзоотических болезней животных;
      2) проведения идентификации сельскохозяйственных животных;
      3) оказания услуг по искусственному осеменению сельскохозяйственных животных;
      4) оказания услуг по транспортировке (доставке), хранению ветеринарных препаратов против особо опасных и энзоотических болезней животных, а также транспортировке (доставке) изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных;
      5) содержания скотомогильников (биотермических ям), убойных площадок (площадок по убою сельскохозяйственных животных), строительство которых организовано местными исполнительными органами соответствующих административно-территориальных единиц;
      6) отлову и уничтожению бродячих собак и кошек;
      7) выдачи ветеринарной справки;
      8) ведения базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных и выдачи выписки из нее;
      9) отбору проб биологического материала и доставки их в ветеринарную лабораторию;
      10) оказания услуг по транспортировке больных животных на санитарный убой.
      17. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать необходимую информацию от уполномоченного государственного органа в области ветеринарии и иных организаций для осуществления возложенных на него задач;
      2) принимать решение об изъятии и уничтожении продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      3) внесение решении о делении территории на зоны в порядке, установленном уполномоченным органом:
      4) осуществление иных прав и обязанности в соответствии с законодательством.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство коммунальным государственным учреждением “Отдел ветеринарии Жалагашского района” осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на коммунальное государственное учреждение “Отдел ветеринарии Жалагашского района” задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель коммунального государственного учреждения “Отдел ветеринарии Жалагашского района” назначается на должность и освобождается от должности акимом Жалагашского района.
      20. Полномочия первого руководителя коммунального государственного учреждения “Отдел ветеринарии Жалагашского района”:
      1) организует исполнения норм Конституции Республики Казахстан, законов, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых актов центральных органов и маслихатов, акиматов, акимов;
      2) определяет обязанности и полномочия работников отдела;
      3) назначает на должность и освобождает от должности работников отдела;
      4) в порядке установленном законодательством поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников отдела;
      5) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в отделе и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;
      6) обеспечивает целевое использование бюджетных средств, выделенных на проведение ветеринарных мероприятий по энзоотическим в особо опасным болезням животных;
      7) обеспечивают сохранность переданного коммунального имущества;
      8) рассматривает обращения, заявления, жалобы граждан, принимает меры по защите прав и свобод граждан;
      9) является должностным лицом соответствующего районного акимата и без доверенности выступает от его имени во взаимоотнощениях с государственными органами, организациями и гражданами;
      10) в пределах своей компетенции подписывает приказы;
      11) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя коммунального государственного учреждения “Отдел ветеринарии Жалагашского района” в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии действующим законодательством.
      21. Режим работы коммунального государственного учреждения “Отдел ветеринарии Жалагашского района” определяется руководителем учреждения в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Организация труда работников коммунального государственного учреждения “Отдел ветеринарии Жалагашского района” регулируется Трудовым кодексом Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      22. Коммунальное государственное учреждение “Отдел ветеринарии Жалагашского района” может иметь на праве оперативного управления обословленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество коммунального государственного учреждения “Отдел ветеринарии Жалагашского района” формируется за счет имуществ, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за коммунальным государственным учреждением “Отдел ветеринарии Жалагашского района” относится к коммунальной собственности района.
      24. Коммунальное государственное учреждение “Отдел ветеринарии Жалагашского района” не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.
      25. Акимат Жалагашского района осуществлят контроль за эффективностью использования и сохранность переданного коммунальному государственному учреждению “Отдел ветеринарии Жалагашского района” имущества.
      Акимат Жалагашского района закрепленного за коммунальным государственным учреждением “Отдел ветеринарии Жалагашского района” имущества вправе изъять это имущество, либо перераспределить его между созданными им юридическими лицами по своему усмотрению, если иное не устоновлено законодательными актами Республики Казахстан.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение коммунального государственного учреждения “Отдел ветеринарии Жалагашского района” осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      1. Государственное коммунальное предприятия на праве хозяйственного ведения “Жалагашская районная ветеринарная станция” отдела ветеринарии Жалагашского района.