Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкiмдiгiнiң 04.02.2015 N 11 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
Заңына және “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Қоса беріліп отырған “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2.
Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданы әкімінің |
|
міндетін атқарушы |
Ө.Елеусінов |
Жалағаш ауданы әкімдігінің |
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі 1. Жалпы ережелер
1.
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2.
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
1)
Жалағаш аудандық ветеринария бөлімінің “Жалағаш аудандық ветеринариялық стансасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
3.
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4.
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5.
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6.
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7.
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8.
Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Әйтеке би көшесі, №100.
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
9.
Мемлекеттік органның толық атауы: “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
10.
Осы Ереже “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11.
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
12.
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
14.
Міндеттері:
1)
халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
2)
жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
3)
ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4)
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
5)
жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою.
15.
Функциялары:
1)
облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
2)
қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
3)
ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
4)
мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
5)
ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
6)
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
7)
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
8)
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
9)
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
10)
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
11)
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
12)
ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және жергілікті атқарушы органға ақпарат беру;
13)
ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды жергілікті атқарушы органға ұсыну;
14)
жергілікті атқарушы органға жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
15)
жергілікті атқарушы органға профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
16)
ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
17)
ауданның жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
18)
ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
19)
жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Жалағаш аудандық ветеринария бөлімінің “Жалағаш аудандық ветеринариялық стансасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының функциялары:
1)
жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
2)
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
3)
ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
4)
жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
5)
құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органы ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;
6)
қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
7)
ветеринариялық анықтама беруді;
8)
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;
9)
биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;
10)
ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
16.
Құқықтары мен міндеттері:
1)
өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2)
жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдауға;
3)
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығаруға;
4)
заңнамаға сәйкес өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға құқылы.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17.
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18.
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жалағаш ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19.
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
1)
Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық органдардың және мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің нормаларының орындалуын ұйымдастырады;
2)
бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді ;
3)
бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4)
заңнамада белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
5)
бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
6)
жануарлардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
7)
берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
8)
азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;
9)
тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
10)
өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
11)
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
20.
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мекеме басшысы анықтайды.
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21.
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22.
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
23.
Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
24.
Жалағаш ауданының әкімдігі “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне берілген мүліктердің сақталуын және тиімді пайдалануын бақылауды жүзеге асырады.
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлікті Жалағаш ауданының әкімдігі қайтарып алуға немесе өзі құрған заңды тұлғалар арасында, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде басқа да түрлері белгіленбесе, өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25.
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1.
Жалағаш аудандық ветеринария бөлімінің “Жалағаш аудандық ветеринариялық стансасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.