"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабын басшылыққа ала отырып, Шиелі ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орны Шиелі кенті, "Самара-Шымкент" автотрассасы бойында орналасқан Ыбырай Жақаев атындағы саябақ белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
сессия төрағасы | А. Әбдіқадырова |
Аудандық мәслихат | |
хатшысы | Ә. Оразбекұлы |