РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 487-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Маңғыстау облысы бойынша жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2014 жылға арналған төлемақы ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Кетебаев
Облыстық
мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов
«КЕЛIСIЛДI»
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің салық комитеті Маңғыстау
облысы бойынша Салық департаменті»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
К.Д. Ысқақов
27 ақпан 2014 жыл
«КЕЛIСIЛДI»
«Қазақстан Республикасы Қоршаған
орта және су ресурстары министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық
шаруашылық инспекциясы Маңғыстау
облысы бойынша балық инспекциясы
басқармасы» республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
М.И. Ахмет
27 ақпан 2014 жыл
«КЕЛIСIЛДI»
«Қазақстан Республикасы Қоршаған
орта және су ресурстары министрлігі
Су ресурстары комитетінің су
ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий
бассейндік инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облыстық
бөлімінің басшысы
Т.М. Адамбаев
27 ақпан 2014 жыл
«КЕЛIСIЛДI»
«Қазақстан Республикасы Қоршаған
орта және су ресурстары министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті
Маңғыстау облысы бойынша
экология департаменті»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е.Қ. Умаров
27 ақпан 2014 жыл
«КЕЛIСIЛДI»
«Маңғыстау облысының табиғи
ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А.С. Дулат
27 ақпан 2014 жыл
«КЕЛIСIЛДI»
«Маңғыстау облысының
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
Қ.С. Берішбаев
27 ақпан 2014 жыл
«КЕЛIСIЛДI»
«Облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
К. Ерғалиев
27 ақпан 2014 жыл
Облыстық мәслихаттың
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 15/227 шешіміне қосымша
Маңғыстау облысы бойынша жер үстi көздерiндегі
су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2014 жылға арналған төлемақы ставкалары
Арнаулы су пайдаланудың түрі | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
Теңіз бассейні |
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер. (теңге/ |
Өнеркәсіп жылу энергетика- |
Ауыл шаруашылы- |
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылық- |
Су көздерінен балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар.(теңге/ |
Су энерге- |
Су көлігі (тең- |
Каспий теңізі бойынша базалық ставкалар |
72 |
206 |
58 |
56 |
146 |
- |
7 |
2009 жылғы инфляция коэффициенті |
1,062 |
1,062 |
1,062 |
1,062 |
1,062 |
- |
1,062 |
2010 жылғы инфляция коэффициенті |
1,078 |
1,078 |
1,078 |
1,078 |
1,078 |
- |
1,078 |
2011 жылғы инфляция коэффициенті |
1,074 |
1,074 |
1,074 |
1,074 |
1,074 |
- |
1,074 |
2012 жылғы инфляция коэффициенті |
1,060 |
1,060 |
1,060 |
1,060 |
1,060 |
- |
1,060 |
2013 жылғы инфляция коэффициенті |
1,048 |
1,048 |
1,048 |
1,048 |
1,048 |
- |
1,048 |
Төмендету коэффициенті |
0,56 |
0,56 |
0,56 |
0,56 |
0,56 |
- |
- |
Жоғарылату коэффициенті |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
1,9 |
2014 жылға арналған төлемақы ставкалары |
55,07 | 157,57 | 44,36 | 42,83 | 111,67 | - | 18,17 |