РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жаңаөзен қаласының Теңге кентін «ауыл (село) санатына жатқызу туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 3/30 шешіміне және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 448 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1996 болып тіркелген, 2008 жылғы 26 ақпандағы «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешім мен қаулының тақырыбында және 1-тармағында мемлекеттік тілдегі «(село)» сөзі, орыс тіліндегі «аул» сөзі алынып тасталсын.
2. Осы шешім мен қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
Сессия төрағасы А. Кетебаев
Облыстық
мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов