"Жаңаөзен қаласының Теңге кентін "ауыл (село) санатына жатқызу туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 3/30 шешіміне және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 448 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 40 қаулысы және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы № 15/235 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 2389 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жаңаөзен қаласының Теңге кентін «ауыл (село) санатына жатқызу туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 3/30 шешіміне және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 448 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1996 болып тіркелген, 2008 жылғы 26 ақпандағы «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешім мен қаулының тақырыбында және 1-тармағында мемлекеттік тілдегі «(село)» сөзі, орыс тіліндегі «аул» сөзі алынып тасталсын.
      2. Осы шешім мен қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі                             А. Айдарбаев

      Сессия төрағасы                         А. Кетебаев

      Облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Жүсіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады