РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Нормативтiк құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21 бабына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 16.09.2014 жылғы № 02-11-2137 хатын орындау мақсатында Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 06 маусымдағы № 21/201 «Ақтау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 17 шілдеде № 2478 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 шілдедегі № 124 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тіліндегі мәтініне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереженің:
1. Жалпы ережелерде:
2 тармағындағы 2 реттік нөмірі 1 санымен өзгертілсін;
3 тармағындағы 3 реттік нөмірі 2 санымен өзгертілсін;
4 тармағындағы 4 реттік нөмірі 3 санымен өзгертілсін;
5 тармағындағы 5 реттік нөмірі 4 санымен өзгертілсін;
6 тармағындағы 6 реттік нөмірі 5 санымен өзгертілсін.
2. Ақтау қаласының Құрмет грамотасының сипатаммасында:
бірінші абзац 6 реттік нөмірімен толықтырылсын;
3. Ақтау қаласының Құрмет грамотасын тапсырудың тәртібінде:
бірінші абзац 7 реттік нөмірімен толықтырылсын;
екінші абзац 8 реттік нөмірімен толықтырылсын;
үшінші абзац 9 реттік нөмірімен толықтырылсын;
шешімнің ресми тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылды.
2. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д.Телегенова) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың депутаттар өкілеттігі және әдеп, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Ы.Көшербай).
4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
мәслихат хатшысы М.Молдағұлов